42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

28.07.2020, 12:48

3

            

      Әлемді дүрліктірген пандемия басталғалы біздіңүкіметтің атын шығарып, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінпопулизмге қоса жетелеген жоба 42 500 теңге болды. Әу баста  наурыз, сәуір айларында  төтенше жағдай жарияланып, ел карантиндікрежимге енген тұста 42 500 теңгенің «жыры» талай адамның мұңына айналды.Төтенше жағдайдың тәртібін сақтап, қатаң карантиндік режимде отырған ел солкезде жыртыққа жамау да бола алмайтын тиын-тебенді алу үшін жаға жыртысуғадейін барды. Халық карантин талаптарын сақтамастан, есепшот ашу мақсатындабанктерді жағалап, поштаның есігін сағалап, кезек күтіп телмірді де қалды.Арақашықтықты сақтау, маска режимі дегендер  мүлде сақталмай, кезекке таласқан халық тіптікоронавирустан сақтану дегеннің не екенін ұмытты. Сәуір, мамыр айларында бітпес«жырға» айналған 42 500 теңгені осындай жанталаспен 3,5 млн-ға жуық адамалды.  

      Енді, міне, тағы да бір айға жуықкарантиндік режимге көштік. Қазір осы 42 500 теңгені алу үшін 1,6 млн адамөтініш беріп үлгеріпті. Бұл жолы да ел аптап ыстықта банктер мен поштаға барып,сағаттап кезек күткен жайттарды көзімізбен көрдік. Тағы да сол есепшоттың әлегіелге карантин тәртібін ұмыттырып жіберді. 

     Осы тұста «халық  42 500 теңгені алу үшін неге соншадүрлігіп жүр» деген заңды сауал туындайды. Әрине, оған себеп – біздің жүйедегіэлектрондық үкіметтің осалдығы. Соңғы бес жыл бойы «Қазақстанды сиқырлы», яғни«Цифрлы Қазақстанға» айналдырамыз» дегендердің өтірігі әшкере болған тұс осыболды.  Әншейінде электронды базаданөзіне қажетті ақпаратты лезде тауып алатын тиісті органдар халыққа керекдүниені жасап берерде марғаулыққа салынып, «жәрдемақы алғың келсе, өзің жүгіріпкөр» дегенге көшті. Осылайша жұрт қос өкпесі өшкенше шұбырып, кезек күтугемәжбүр болды. Вирусты жұқтыру қаупі жоғары болса да, сол кезекке тіпті балаларыншұбыртып ертіп барған аналарды да көрдік. Өйткені бала-шағаны ашықтырмау үшінбұл қаражат оларға  керек еді. Сондықтанхалық азын-аулақ болса да, сол қаражатты алып қалуға тырысты.

       Үкіметтің себелетіп тастаған жемітәрізді осы қаражатқа бар болғаны 20 келі ет қана келеді екен. Осыны айтыпашынған аналар  әдемі кабинетте, жайлыкреслода отырған министрлерге барып, базынасын айтқан сәттер де  болды. Тіпті «ашығып жатырмыз» деген аналардыңбіразы Нұр-Сұлтандағы министрлер үйінің алдына барып, түнеп те алды. Бірақ соғанбола бауыры езіліп, жаны ашыған үкіметті біз көрмедік. Бұл қаржының халықтыңқажеттілігін өтеуге жету-жетпеуі биліктегілерді аса толғандырмаған тәрізді. Еңқызығы,  осы 42 500 теңгенің «жырынан»бөлек, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің«елдегі бірінші, екінші топтағы мүгедектерді қолдау мақсатында пандемияғабайланысты 5300 теңгеден қосымша жәрдемақы беріледі» деп есеп бергені тіптенұят болды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға 5300 теңгеден қолдау қаражат бергені қай сасқаны?! Шындап келгенде, бұлақша бір  айға тек қара нан сатып алуғада жетпейтін қаражат емес пе?! Табысынан айырылғанға – 42 500, мүгедегіне5300 теңге, зейнеткеріне де болмашы тиын-тебен тастап үйренген үкіметтегілердіңөздері осы қаражатқа күндерін көре алмасы анық.  

     Қазірқараша халықты тәжтажалмен бірге, қымбатшылық қамыты қоса қысып тұр. Бұданбөлек, медицина саласында қалыптасқан ахуал да, індеттен қайтыс болғандартуралы ақпарат та халықтың еңсесін езіп барады. «Осының барлығын ескере келе,үкімет естияр шешімдер қабылдап, есін неге жинамайды» деген ой туады. Тіптіхалық арасында  «есі бар үкімет «қолымызданкелмеді» деп, отставкаға өзі кетер еді» деген тұжырым туындағаны жасырын емес.Жалпы, қазіргі жағдай  «барлығы қалыпты,бәрі жақсы» деп есеп беретін қиял әлемінен әлдеқашан өтіп кеткенімізді айқынкөрсетіп берді. Себебі пандемия кезінде талай саладағы былық ашылды,  бірқатар салалардың салы суға кеткенін көріп-біліпотырмыз.

      Әйтсе де халықтың көкейінде «қой үстінебозторғай жұмыртқалаған заман болады» деген үміт те жоқ емес. Ел әлі де жақсыкүндерден үміттеніп, тығырықтан тарықтырмай алып шығатын тың идеяларға сеніпотыр.  Ендеше, болашақта біз үкіметтенқарымды шешімдер қабылдауды, елді қиындықтан құтқаратын сауатты топ-менеджерлерлегін қалыптастыруды талап етеміз. Қазір халыққа там-тұмдап қана қаржы беріп,жағдайды сырттай бақылап, жоғарыға «барлығы орнында» деп есеп беретін үкімет емес,қиын сәтте елді нақты істерімен қолдап, оған қамқор болуға қабілетті менеджерлерлегі керек болып тұр.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 13:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 12:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 13:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 13:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 13:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 13:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34