42 500 теңге тағайындалмаған азаматтардың өтініші қайта қаралмақ

26.05.2020, 02:58

10

Қазақстанда коронавирусқа байланысты енгізілген төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға берілетін “42 500 теңге” төлемі тағайындалмаған азаматтардың өтінішін қайта қарау тәртібі бекітілді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіхабарлады.

Билік бастапқыда теріс жауап алғандар аудандық я қалалық штабқа төлемге лайық екенін растайтын құжаттар мен өтінішін өткізуі қажет екенін айтты. Өтінішті бұрынғыша не жұмыс беруші не үміткердің өзі тапсыра алады.

Төлемді тағайындауды не тағайындамауды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) шешеді. Өтініші қанағаттанбаған үміткер облыстық штабқа жүгіне алады.

Үкімет 16 наурызда елде төтенше жағдай жариялағанда табысынан айырылғандарға 42 500 теңге (қазіргі бағаммен 103 доллар) көлемінде жәрдемақы берілетінін айтты. Ресми деректерге сәйкес, жәрдемақыға 8 миллион 32 мың адам өтініш өткізсе, төлемақы соның 4,5 миллионына тағайындалған.

Биліктің айтуынша, жәрдемақыны беруге республикалық бюджеттен 193 млрд теңге бөлінген. Өтінішін 16 сәуірге дейін өткізгендер жәрдемақыны екінші айға да ала алады. Өтінішін аталған күнге дейін өткізгендер саны — 3 млн 735 мың адам.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27