Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:16, 17 Шілде 2020

42 500 теңге төлеміне өтініш қабылдау басталды. Министрдің үш ескертуі

Бүгін, 17 шілдеде, Қазақстанда 42 500 теңге сомасында әлеуметтіктөлемдер бойынша өтініштер қабылдау басталды.

Бұл жолы жұмысберушілерге салмақ түседі. Олар карантинге байланысты табысынан айырылғанқызметкерлерді тіркеп, тізімін жасайды. Өтініштер қыркүйек айына дейінқабылданады. Бірақ бүгін Еңбек министрі Нұрымбетов құжаттарды барлығы бірдей тапсырудың қажет емес екенінатап өтті. Мысалы, студенттер ресми жұмыс істемеген болса, олар өтемақы алаалмайды. Егер құжаттары дұрыс болса, онда ол қызметі тоқтатылған компаниябасшылығына жүгінуіне болады.

42 500 теңге шектеулерге байланысты өз қаражаты есебінендемалысқа шыққандарға төленеді. Бұл, негізінен, санитарлық дәрігерлердің тыйымсалуына байланысты қызметін тоқтатқан ұйымдардың қызметкерлері. Сондай-ақтізімде жеке кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, фрилансерлер және жекепрактикада жүргендер де бар.

Өтінішдер бірден бірнеше платформаларда қабылданады, бұл екісайт және Telegram бот. Министр былтырғыдай сәтсіздіктер болмайды деп уәдеберді. Жұмыстан босатылған немесе 5 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатқандарғаНұрымбетов Жұмыспен қамту орталығына хабарласуға кеңес берді. Себебі ертең 42500 теңгеге өтініш тапсыру мағынасыз болып шығуы мүмкін.

— Өйткені олкезде өтініш берушіден Жұмыспен қамту орталықтарына хабарласқан-хабарласпағанысұралады. Ал ол арада Сізге бос жұмыс орындары және жұмысқа орналасудың басқамүмкіндіктері ұсынылады. Егер Сізге ыңғайлы жұмыс болмаса, сіз жұмыссыз ретіндетіркелесіз, ал ол кезде сіз 6 айға төленетін Әлеуметтік сақтандыру қорынанжұмыссыздық үшін әлеуметтік жәрдемақы алуға автоматты түрде жүгіне аласыз, — деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің мәліметтерін тексеруі керек.Өтініш беру үшін сізге компанияның БСН, қызметкердің ЖСН және оның банктікшотының 16-сандық нөмірі қажет. Бір уақытта 20 адамға дейін сұрауға болады.Қалғандары құжатты өздері толтыруы керек.

Бұл жолыаудандық, қалалық және салық мекемелері бәрін тексеретінін ескертеміз. Егертөлем шотыңызға келіп түсіп, ал бұл кезде кіріс жоғалтпағаныңыз немесе бұрынжұмыс жасамағаныңых анықталса, онда әлеуметтік сақтандыру қорының қызметкерлеріжағдайға араласуы мүмкін. Егер ертең сәйкессіздік анықталса, онда осы қаражаттытөлеген және соған жауап беретін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры сотқашағымдана алады және төленген соманың қайтарылуын талап ете алады, яғни егерберілген ақпарат жалған болып шықса. Екінші жағынан, жұмыс беруші карантингебайланысты ақысыз демалысқа жібергенжұмысшыларына қатысты өтініш беруге міндетті. Егер олар жұмыс істейтінжұмысшыларға жүгінсе, онда бұл заң бұзушылық болып саналады.

— Егер тексерубарысында қандай да бір заңбұзушылық анықталса, онда Мемлекеттік әлеуметтіксақтандыру қоры аталған кәсіпорынды сотқа бергенге дейін төленген соманықайтару үшін шара қолдана алады, — деді Біржан Нұрымбетов.

Жалпы, департамент бұл жолы өтініштер аз болады деп болжайды.Өйткені, қазір шектеулер төтенше жағдай кезіндегідей қатал емес. Процестітездету үшін талаптар жеңілдетілді. Мәселен, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарБӘТ-ті қайта төлеудің қажеті жоқ. Ал кейбіреулеріне сайтқа кірудің немесеTelegram-ға жазудың қажеті жоқ. Шенеуніктер кейбір адамдарға SMS күтудісұрайды.

Тегтер: