Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:44, 16 Сәуір 2020

42 500 теңгені заңсыз алғандар жазаланады

42 500 теңгенізаңсыз алғаныңыз үшін жазаға тартылуыңыз мүмкін. Бұл туралы Uchet.

kz сайтының Instagramәлеуметтік желісіндегі парақшасы жазды. Жұмысынан айырылмаған азамат 42 500 теңгені алса, ҚР Қылмыстық кодексің 190-шы бабынасүйене отырып,  «Алаяқтық, яғни өзгеніңмүлкін алу, немесе алдау арқылы қол жеткізу» бабы бойынша жазаланады. Оған байланыстыкелесі жаза түрлері қарастырылған:

-1000 АЕКкөлеміндегі айппұл;

-сол көлемдегітүзету жұмыстар;

-600 сағаттыққоғамдық жұмысқа тарту;

-2 жылға дейін басбостандығынан айырылу;

-2 жылға сотталу,және мүлкі тәркілену.

«Яғни сіз  42 500 теңгеге өтініш беру кезіндеөтірік ақпарат жазсаңыз және жәрдемақыны алсаңыз, жазаға тартылуыңыз мүмкін» деген қорытынды жасайды аталмыш портал.

 Еңбек министірлігі бұған қатысты ресмимәлімдеме дайындап жатқанын айтты.

Думан ТЕРЛІКБАЙ

Тегтер: