42 мың теңгеге сенбеңіз, мұндайды талай көргенбіз!

30.03.2020, 19:43

5

 Қытай вирусыныңкесірінен популизм мен прагматизмді айыра алмайтын халге жеттік. Олай дейтініміздіңде жөні бар. АҚШ үкіметі карантин жағдайындағы тұрғындарды қолдау үшін алғашқыүш аптаға әр ересек тұрғынға – 1000, ал кішкентай сәбилерге 500 доллардан бөліпжатыр. Жаңа Зеландия мемлекеті болса әр салық төлеушіге бір жылға 4000 долларғажуық қаржы аударды. Өз халқын материалдық тұрғыда қолдаудан Украина да  қалысқан жоқ. Президент Зеленскийдіңжарлығымен зейнетақысы 80 мың теңгеге жетпейтін зейнеткерлер мен мүгедектергебюджеттен 15 979 теңгедей көмек бере бастады. Шет мемлекеттердің бұл көмектерібіржолғы емес. Алдағы уақытта да жалғаса бермек.

  Ал Қазақстан билігі тұрғындарды тарықтырмауүшін не істеп жатыр дейсіз ғой? Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайкезінде еріксіз жұмыстан ажырап қалған қызметкерлерге ең төменгі айлық жалақы(42 500 теңге) көлемінде төлеуді тапсырды. Бұл ешқандай жаңалық емес еді. ӨйткеніЕңбек кодексінің 112-бабында бұл мәселе баяғыда реттеліп қойған. Яғни кәсіпорынмәжбүрлі түрде жұмысты тоқтатқан жағдайда әрбір жұмысшыға ең төменгі айлықжалақы төлеуге міндетті. Одан бір тиын да төмен төлей алмайды. Қазір мәжбүрлітүрде жұмыстан шыққан азаматтарымыздың жалпы қарасы 1,5 миллион екен. Ал біздіңүкімет түрлі сылтау мен бюрократиялық кедергілерді үйіп-төгіп, бұл ақшанытөлеуді де көпсініп отыр.

Ақпарат жәнеқоғамдық келісім министрі Дәурен Абаевтың түсіндіруінше, мемлекеттік қорданжәрдемақы алуға ниет білдірген азамат төтенше жағдай енгізілгенге дейін жұмысорны арқылы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына ең кемі үш ай жарнатөлегенін дәлелдеуі тиіс. Әлеуметтік төлем тек қана орта, шағын және кішібизнес саласында жұмыс істеген қызметкерлерге ғана төленеді екен. Жәрдемақытағайындау үшін жұмыс беруші жергілікті әкімдікке төтенше жағдайдың кесіріненжұмысының тоқтап қалып, қызметкерлерінің кірістен қағылғанын дәлелдейтінқұжаттарды өткізуі керек.

Карантиндік тәртіпті сақтау үшін тұрғындар үйінен шықпағаныабзал. Ал мынандай болар-болмас қаржыға осыншама құжат әзірлеу үшін қаншамажұрт сабылып, ерсілі-қарсылы шапқылауы керек. Бұл карантин тәртібіне қаншалықтысай келеді? Өршіп тұрған вирусты 42 мың теңге алам деген жұрт қаншама жергетасымалдауы мүмкін? Оның үстіне төтенше жағдайда «анау-мынау» деген алыпсатарлықболмауы тиіс. Бұл мәселеде бюрократиялық барьерлердің еш қажеті жоқ.

   Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайжөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында елімізде мемлекеттік көмекке мұқтаж500 мың адам барын ашық айтты. Мұның өзі де нақты зерттелмеген, үстірттеужасалған болжам болса керек. Өйткені әлеуметтік желіде үйінде азық-түлігі,көмірі таусылып, сатып алатын ақшасы жоқ екенін айтып-жазған көптеген адамдар шырылдапжатыр. Мысалы, Алматы облысы Іле ауданы Қосөзен ауылының тұрғыны Бақыт Досжандеген Facebook қолданушысының жазбасы ешкімді бейжай қалдырмады. «Көмірімізбітті. Күн салқын. Үйде бала бар. Көршіме қоңырау соқтым. «Айгүл, көмірің болса,сатшы», – дедім. Қуанып кетті. «Ақша керек емес, айырбас жасайықшы. Жапқансалат, вареньең болса. Екі балам үйде аш жатыр», – деді. Күйеуі тастап кеткен.Он жылдан асты. Өзін ақысыз демалысқа шығарыпжіберген. 500 теңгеге бір қап көмір алып келдім. Қатты қуанды. Балаларын көріп,тағы жүрегім ауырды. Бір банкі өріктің вареньесін «балаларың жесін» деп бердім.«Сенің де балаларың бар ғой. Алмаймын. Тағы көмір ал», – деп қоймайды. «Қызымныңартық аяқкиімдерін сатамын, алатын адам болса», – дейді. Күйеуі он жылдан берібір келмеді. Аш отыр. Қатты тарыққан. Қалай жыламайсың? Қалай жүрегің ауырмайдыосыдан кейін?»

Тоқтар ЖАҚАШ

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16