44 жастағы Алматы тұрғыны әскери қару мен есірткі сақтаған
44 жастағы алматылық азамат әскери қару мен есірткі сақтаған. Мегаполис полицейлері Достық даңғылы мен Оспанов көшесінің қиылысында арнайы операция жүргізді.
Бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотталған 44 жастағы азамат А.-ны рұқсат етілген жеке тінту кезінде полицейлер арнайы иісі бар өсімдік тектес заты бар полиэтилен пакетін тәркіледі. Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары Дидар Аханов жағдайға байланысты:
— Жалпы, арнайы операция қару ұрлау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 291-бабының 3-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу аясында жүргізілді. Кейін сотталушының тұрғылықты жерінде рұқсат етілген тінту кезінде сарайдан АК-74 автоматы мен ТОЗ-17 шағын калибрлі мылтығы табылды. Арнайы сараптама бұл қарудың шынайы тұлғасы мен шыққан жерін анықтайды. Бұл ретте азамат А.-ға есірткі затын сатқан 1970 жылы туған азамат М., бір мезгілде ұсталды. Оған да арнайы тінту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде белгілі бір иісі бар өсімдік тектес заты бар полиэтилен пакеті және күні, аты-жөні және ақша сомасы жазылған жазбалар алынды, — деп түсіндірді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге мәліметтер таратуға жатпайды. Полиция сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес әрбір адам өз кінәсі дәлелденгенге дейін кінәсіз деп есептелетінін еске салды. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны сот шешімінің заңды күшіне енген үкімімен белгіленеді.