Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:00

48 миллион теңге шығын: Ақтөбеде бұрынғы шенеунікке қатысты сот басталды

Жандос Әлімов
Фото: ашық дереккөз

Қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімін 2021–2022 жылдары басқарған Жандос Әлімовке «қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды» деген айып тағылып отыр.

Тергеу дерегінше, ол қызметте жүрген кезінде мемлекет есебінен пәтерлерді өзіне жақын адамдарға — қол астындағыларға, жерлестеріне, облыстық әкімдік қызметкерлері мен туыстарына заңсыз түрде үлестірген.

 Кейін бұл баспаналар төмен қалдық құнымен жекешелендіріліп, бірқатары бірнеше есе қымбат бағаға қайта сатылған. Соның салдарынан мемлекетке 48 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген.

Алайда айыпталушы өзіне тағылған кінәні мойындамай отыр. Оның қорғаушысы тұрғын үйге қатысты шешімдер сол кезеңде қала әкімі қызметін атқарған Асхат Шахаровтың төрағалығымен қабылданғанын алға тартады.

 Ал Жандос Әлімов тұрғын үй комиссиясының қарапайым мүшесі ғана болғанын мәлімдеді.