Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:25, 14 Шілде 2023

5 ота жасалып, 100 жіппен тіккен. Әйел акула шабуылынан аман қалды (видео)

None
None

Галапагос аралдарында акула америкалық медбикеге шабуыл жасап, оның аяғын тістеп алған.

Бұл туралы New York Post хабарлады.

АҚШ азаматы, 42 жастағы Делайя Ириарте Тынық мұхитында суда жүзіп жүрген кезде акула щабуыл жасаған. Салдарынан ол ауыр жарақат алып, көп қан жоғалтқан.

«Бұл соққыға ұқсайды, сондықтан мен оның не екенін алғашында түсінбедім, артыма бұрылып, судағы қанды көрдім», — дейді Мексика тумасы жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында.

Басылым жариялаған кадрларда әйелді аяғын шүберекке түйіп, қайықтан қалай түсіріп жатқаны көрсетілген. Одан кейін әйел әскери тікұшақпен жергілікті ауруханаға жеткізіліп, оған ота жасалған.

Дәрігер Ренато Пачеко жергілікті БАҚ-қа оның жағдайы тұрақты екенін, аяғын кесіп тастамағанын айтқан.

    фото. nypost.com

Делайяға бес рет ота жасалып, аяғын 100 жіппен тіккен. Сондай-ақ ол шабуылдан кейін аяғының ұйып қалғанын айтқан.

«Меніңше, бұл өте жылдам болғандықтан, миым ауырсынуды тіркеуге уақыты болмады», — деп еске алады ол.

Дәрігерлердің айтуынша, ол қайтадан жүре алады, бірақ сауығып кетуі  үшін тағы бірнеше ота жасалуы мүмкін.

Тегтер: