Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:20, 14 Шілде 2023

5 жасар қызды өлтірген ер адамды тұрғындар өздері жазаламақ болған

None
None

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында 5 жасар қызды өлтірген ер адамды тұрғындар өздері жазаламақ болды.

Бірақ полиция қызметкерлері оған мүмкіндік бермеді.

Әлеуметтік желіде осыған қатысты түрлі видео жарап жатыр. Ашу-ызаға берілген жұрт күдіктіні өздеріне беруді талап етіп, наразылық білдірген. Олар күдіктіні әкетіп бара жатқан полициямен шекісіп, көлік соңынан жүгірген.

13 шілдеде Сарыағаш аудандық бөліміне бір әйел бала жоғалғанын хабарлап, арыз берген. Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақаттарымен қыздың мәйітін тапты.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы “Адам өлтіру” бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сараптама тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мемлекет басшысына бұл қайғылы оқиға туралы мәлімет берілді.

Президент Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды.

Тегтер: