Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:16, 27 Сәуір 2018

500-ден астам оқушы судың астында білім алып жүр

Білім реформасына жаңадан құрылымдар енгізген білім министрі кебір мектептерде балалар судың астында дәріс алып отырғанын біле ме?
Қарағанды қаласына қарасты Топар елдімекеніндегі білім ордасы отыз жылдан бері жөндеу көрмеген. Үшқабатты мектептің шатырынан аққан су  бірінші қабатқа дейін жеткен. Балалар ылғалдан жиі ауыратын болған.-Балаларымыз әбден аурушаң болды. Мынандай ғимаратта қандай білім алмақпыз?! Енді қанша шыдауға болады? Оқушылардың дәптері мен кітаптары  су-су болып келеді. Әкімшілік пен мектеп басшысына айтып жалықтық. Олар дым да істемейді. Сондықтан БАҚ өкілдеріне хабарласуды жөн көрдік. Балаларымыз қандай жағдайда оқып отырғанын ел білсін,- дейді  баласы үшін алаңдаған Назым ТӨСЕНОВА.Ауыл мектебінде 500-ден астам оқушы оқиды. Үш күн бойы толассыз жауған жаңбырдан үшінші қабат судың астында қалған. Мұғалімдер суға толған шелектерін төгіп үлгермеген. Қазір жоғарғы қабатты оқып келген сыныптар төменгі қабатқа ығыстырылған. Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ атындағы  мектеп басшысы  биылдан қалмай жөндеу жұмысы жүргізіледі деп отыр.-Облыстық бюджеттен бізге биыл 36 млн теңге бөлініп отыр. Оның 29 миллионы шатырды қалыпқа келтіруге кетеді. Қалған  7  миллионы 62 терезені толықтай жөндеуге жұмсалынады. Қазір ауа райының қолайсыздығына байланысты балалар үшінші қабатта оқымайды. Ол жақты жауып тастағанбыз. Сондықтан сабақ кестесіне өзгеріс енгіздік. Жөндеу жұмысы маусым айынан басталады, — дейді мектеп директоры Мұрат ҚОНЫСБАЙ.Қарағанды қаласынан жөндеу жұмыстарын «Капитал Строй» мердігер компаниясы ұтып алған. Алайда, 2697,3 шаршы жерді қамтыған шатыр биылдан қалмай жөнделгенімен, қабырғаларға сінген ылғал ескерілмеген.Мектептен білім алам деп барған оқушылар түрлі ауруларға шалдығып жатыр. Екі оқушының анасы Нұргүл ЖҰБАНБАЕВА балаларын бас ауруы мазалайтынын айтады.-Балаларым басым ауырады деп жиі айтады. Олар мынадай жағдайда қалай сабақ оқып жүргені бізге ғана мәлім. Сондықтан биылдан қалмай жөндеу жүргізу керек. Балаларға обал. Азабын солар тартып жатыр. Олар әлі он жыл оқиды осында, -дейді ана.

Фотолар автордікі

Тегтер: