500 миллион доллар қайда?
Автоөнеркәсіпті дамытуға деп мемлекеттен бөлінген...
Рас, қыруар ақша бөлініп-желініп кетті. Есесіне не зауыт, не өндіріс жоқ. Саясаттанушы Санжар Боқаев үкіметтің өтірігін ашуын жалғастырып жүр.
Ол келтірген кестеге сәйкес,қазақстандық автобизнес қауымдастығының президенті, бір Андрей Лаврентьевтің өзі «Агромашхолдинг» арқылы 200 миллион долларды субсидия ретінде алыпты. Ал «Астана Моторс» компаниясына мемлекеттен субсидия деп, 187 миллион доллар бөлінген екен. Ұзын-ырғасын санағанда Қазақстан үкіметі автокөлік өнеркәсібін құруға 500 миллион доллар бөлген. Бұл дегенің енді сұмдық шығын.
– Nissan корпорациясы 170 миллион долларға АҚШ-та аса қуатты көлік құрастыру зауытын салды. Алпауыт BMW Африкада 96 миллион евроға зауыт салған. Toyota-ның өзі Санкт-Петербургтегі зауытына 140 миллион доллар инвестиция салды. Біздің өтірікшілер сонда осындай бірнеше зауытқа жететін ақшаны құр алып алған да, ештеңе істемеген. Әй, ақша қайда? Қазақстандық өндіріс жоқ, олар әлі сырттан дайын өнімді тасып, халықты алдап келеді, – дейді Боқаев.
Қазақстан үкіметімен сыбайласқан «өтірік өндірушілер» автокөліктің жеті моделін өндіреміз деп субсидия алған, өндіріс бірақ тоқтап қалды. Ақша мемлекетке қайтарылмады. Ешкім жауапқа тартылмады. Бұл қалай?