Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:40, 29 Қыркүйек 2020

52 миллиард теңге: Қазақстандағы экономикалық қылмыстан келген шығын

None
None

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті экономикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылық әрекеттердің айтарлықтай өсу көрсеткішін тіркеді.

Егер 2019 жылдың қаңтар-шілдесінде осындай 530 қылмыс тіркелген болса, онда биылғы жеті айда олардың саны 870-тен асты, яғни 65% артқан.

Статистикалық деректерді талдау негізінде қаржы пирамидаларын құру бойынша қылмыстық істер саны (2019 жылдың бірінші жартыжылдығында 15 болса, биыл 121), нақты орындалмай шот-фактуралардың берілуі (екі еселенген), экономикалық контрабанда (екі еселенген), жалған ақша өндірісі мен оны сақтау (51%).

Экономикалық қылмыстардан келген шығын мөлшері де едәуір өскен. 2020 жылдың алғашқы жартыжылында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес экономикалық қылмыстар жасаған тұлғалар заңсыз түрде 52 миллиард теңгеге байыған (2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе жоғары көрсеткіш). Оның 47 миллиард теңгесі мемлекетке келтірілген шығынды құраса, 2,9 миллиард теңгесі жеке тұлғалардан, 1,7 миллиард теңгесі – заңды ұйымдардан алынған.

Инвестициялық пирамидаларды жасаушылардың 2020 жылдың өткен кезеңіндегі шығыны 2,7 миллиард теңгеден асты. Бұл көрсеткішті өткен жылғы көрсеткішпен (97 млн. теңге) салыстыруға келмейді.

Соңғы үш жылда қарапайым қазақстандықтар қаржылық пирамидаларды құрушыларға 8 миллиардтан астам теңге бергендігі хабарланған болатын.

Инвестициялық салымдар атын жамылып, азаматтардан ақша жинаған қазақстандық алаяқтар туралы бірнеше соңғы жағдайлар:

Алматыда зергерлік дүкендер атын жамылып жұмыс істейтін B2B Jewelry пирамидасының қызметі тоқтатылды. Халыққа өнімді 104% кэшбэкпен сатуды ұсынған.

Өткен айда Ресей азаматы Ольга Клейнард Қазақстандағы ең ірі халықаралық Questa World қаржы пирамидасын ұйымдастырды деп айыпталып, Қазақстанға экстрадицияланды. Компанияға ақша салғаны үшін клиенттерге жылына 300%-ке дейін пайда таба алатындығына уәде берген.

Оралда атышулы «Гарант-24 Ломбард» пирамидасының менеджері ұсталып, сот алдында жауап береді. Компания жылжымайтын мүлік пен автокөліктерді қазақстандықтардан нарықтық бағадан жоғары бағамен бөліп төлеу шартымен сатып алғаг, бірақ барлық соманы қайтармаған.

Тегтер: