528 мың теңгеге 750 мыңның малын алудың мехнаты

11.12.2018, 23:40

3

«Сыбаға» бағдарламасы Қарағанды облысының шаруа қожалықтарын сыбағасыз қалдырып отыр. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының бағдарламасы ет бағытында ірі-қара өсірушілерді шығынға батырып отыр. Олар 528 мың теңгеге 750 мыңның малын алу керек...Қарағанды облысында  «Сыбаға» бағдарламасы бойынша  11 000 (он бір мың) ірі- қараға өтінім түскен екен. 109 шаруа қожалықтары несие алып, 6900 бас малды шет елден әкелуі тиіс болған. Алайда, осы күнге дейін тек 1200 бас ірі қара ғана облысымызға жеткізілген. Өйткені...«Келісім бойынша 8 және 18 ай аралығында малдарды алып келуіміз керек.  Ресейге барып келдік.Ол жақта мал қымбат. Ыңғай перекупщиктер. Маған мысалы, ақшаны қыркүйек айында берді. Қазан айында бардым. Одан кейін олардың құны  бір айда өсіп кетті. Олар бордақыда тұрған соң салмақ қосып алыпты.Сонда бір малдың бағасы 750 мыңға шығып кеткен. Ал, маған берген ақша 23 млн 763 мың теңге. Сонда бір малды мен 528 мың теңгеге алу керекпін. Ал жалпы 45 мал алу керекпін. Ол жолын санамағанда. Бізде алты ай қыс болады. Шөпке берген ақшасы да мардымсыз», —  дейді Ақтоғай аулының шаруа қожалығының басшысы Серік БЕКЕЖАНОВ.Барғарламамен қаражат алғандар келісім шарт бойынша, төрт ай ішінде малды әкеліп үлгеру керек. Бірақ қиындықтардың кездесетінін ешкім алдын ала білмеген.«Қазір Ресейде бір келі ет 330-350 руб. Малдың салмағы 450-ден асып кетті. Біздің ақшамен есептегенде 850 мыңнан жоғары болып тұр. Ал, маған бір басқа есептеген баға 625 мың теңге. Жолын есептелмеген. Жолақысы өзімізден. Ақша жетпейді өйткені», — дейді шаруа қожалық иесі Азамат САТЫБАЛДИН.«Сыбаға» бағдарламасының тағы бір мәселесі – малды бірден сатып ала алмайсың. Малды тапқан күннің өзінде малдың көбісі карантинде немесе санына шектеу қойылған екен.«Мен осымен екі рет Ресейге барып келдім. Мал тапқан күннің өзінде, олар кедендік тіркеуде жоқ. Жақсы, жақсы малдар бар, бірақ тіркеуде жоқ. Ал, регистрацияда тұрған малдардың бағасын көтеріп қойған. Сосын оларда лимит мал сатудан»- дейді Қарақаралы ауданының «Жаңа жол» шаруа қожалығының басшысы Азамат Сатыбалдин.Бір қызығы, Ресейдің егілген малдарды Қазақстанның орталығына алуға тиым салынғанымен,  Алматы,Қызылорда, Түркістан өңірлеріне  тасымалдауға болады екен. Осы тұсы дау тудыруда дейді шаруа қожалықтары.«Мәселе -  шет елдегі малды Қазақстанға кіргізу. Ресейде екі өңір бар. Вакцинация салынған және салынбаған. Вакцинация  салынбаған өңірден орталық Қазақстанға малды әкелуге болмайды. Өйткені ол мал ауру деп саналынады дейді. Негізі ауру емес. Егілген мал ауру емес қой. Ал, ол малдарды біздің оңтүстік өңірлерге әкелуге болады екен. Себебі ол жақта климаты жылы. Біз 4000  мың шақырым жерге Ресейдің түбіне де барып қайттық. Онда малды лимитпен сатады. Мамырдан бастап, қазанға дейін шектеулері бар. Енді біздің талабымыз, жақын аймақтарда малдарын сатса, солардан алайық. Тағы мынандай көңілге қонымсыз тәртіптері бар. Мысалы, Алтай аймағынан мал әкелуге тиым салынған. Бірақ тиым салынбаған жерден малды әкеле жатып, сол мекендер арқылы өтіп кетксеңіз малдарыңыз автоматты түрде ауру болып шығады» — дейді «Әсел» шаруа қожалығының қожайыны Дәуренбек КӘСІПХАН.Шағымдарын айта келген фермерлердің айтуынша, ауыл шаруашылық министрінен бастап, облыстық басқармасы мен ветеринария басқарма басшылары тек алгоритм бойынша, қағазда түскен жобамен ғана жол сілтеп отыр. Алдымен, өз көздерімен кездесетін қиындықтарды көріп келу керек еді. Енді зардабын біз тартып отырмыз дейді.«Алгоритм ретінде ғана жұмыс істейді. Қағазда не жазылып тұр, заңда қалай жазылып тұр солай. Осы жерден барып малды әкелу керек. Осы шарушылықтан дегендей. Ал, көмектесіп, я болмаса, басқа да жолдар қарастырып,  әрмен қарай осы шаруларды көтеріп жатқанын көрген жоқпын. Министрліктегілер өздері барып келісіп шарт жасасып көрсе біздің проблемаларды түсінер еді. Кәсіпкерлерге мал әкелуге қолайлы жағдай туындатып беруге болады ғой… Ондай жоқ. Тек қағазға үңілгендер шетінен»,-  деп ашынады Дәуренбек Кәсіпхан.Ал, ауылшарулылық басқармасы басшылығы қиындықтың бар екенін жоққа шығармайды.«Қымбатшылықтан қосымша қаражат мәселесін шешетін қаржы институттары. Сол кісілермен барып жеке-жеке сөйлесу керек.  Қазір біз шаруаларды жинап, оларға түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Біз олардың мүддесін қорғауымыз керек қой. Малдың бағасы 700 мыңға өсіп кетіп тұр. Алғашғыда 500 мыңнан берді. Енді олар да түсінушілікпен қарайды деген ойдамыз. Бұл мәселені жеткіземіз. Мал әкелу өте қиын болып тұр. Ресейдің кейбір аймақтарында аусылға байланысты еккен малдарын әкелуге болмайды. Ветеринарлық талап бәрімізге бірдей. Оны орындауға біз міндеттіміз. Ауру малды, басқа да талаптарға сай малдарды әкелуге болмайды» — деді Қарағанды облысының ауылшаруашылығы басқармасының бастығы Сағынжан АПАҚАШОВ.Басқарама басшысы Германиялық операторлармен сөйлескенін де айтты. Егер шаруа қожалықтары келісімін берсе, сол елден мал алуға жол ашыпты. Алайда, олардың малы Ресейге қарағанда қымбаттырақ екен. Оған да көнбедік дегендер бағдарлама бойынша берілген ақшаны үш айлық пайызымен қайтарып, келісім шартты бұзуларына тағы да болады деген. 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
    11:31
  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58