Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:48, 18 Шілде 2024

5,5 жылға сотталған адвокат ісінде Сатыбалды мен Нығматулиннің есімдері аталды

п
Фото: Nege.kz

Алматыда 5,5 жылға сотталған адвокат Қайсар Жұмағалиевтің ісінде Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулин мен олигарх Қайрат Сатыбалдының есімдері аталды.

Nege.kz ақпаратынша, адвокат Қайсар Жұмағалиев алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Іс материалдарына сәйкес, ол 2016 жылы балқаштық кәсіпкер Қуат Сұлтанбековті колониядан шығарып алу үшін 300 мың долларға келіскен. Кәсіпкердің туыстары адвокатқа «заңсыз қудалаудың артында ағайынды Нығматуллиндер тұр» деп ескерткен. Ал, Жұмағалиев оларды Қайрат Сатыбалдымен достығының арқасында мәселені шешетініне сендірген.

Атап өткендей, адвокат сотталушыны алдымен Шығыс Қазақстан облысындағы колониядан Алматы облысына ауыстырып, кейін қылмыстық істің тоқтатылатынына уәде берген.

Ақша екі траншпен – 150 000 доллар оның іске кірісуі үшін аударылуы керек еді және Сұлтанбеков бостандыққа шыққаннан кейін адвокат ақшаның екінші бөлігін алуы керек болған. Бірінші жартысы 2016 жылдың қазан айында адвокатқа берілді. Бірақ Жоғарғы сот кәсіпкер Сұлтанбековты 2023 жылы, яғни адвокатқа ақша аударылғаннан кейін 7 жылдан кейін ғана ақтады, делінген хабарламада.

Нәтижесінде Жұмағалиевтің өзі сотталып, 9 жылға адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айырумен 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.