5700 снаряд және Назарбаевтың Тоқаевқа тапсырмасы
Арыс қаласында қауіптің беті әлі сейілгенжоқ. Әскерилер жарылғыш заттарды жинап жатыр.
Қазіргі күнге дейін қалада5700-ден аса жарылғыш заттар жиналды.
«Қорғаныс саласының мамандары 43 группаға бөлініп (408маман) қала көшелерінен әзірге 5700-ден астам қауіпті жарылғыш заттарды жинады.Дегенмен жиналмаған секторлар мен көшелер әлі де қалып отыр. Бұл жұмыстарсенбіге дейін жалғасады», — деп мәлімдедіТүркістан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсен ТӘЖІБАЕВ.
Кеше экс-президентНұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ төрағалығымен Қауіпсізідк кеңесінің жиыны өтті.
«Соңғы ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендердің саны 160-тан асты. Баршақазақстандықтарбірлігіміздің бекем екенін көрсетіп жатқанын атап өткім келеді. Еліміздіңәр түкпірінен азаматтар алаңдаушылық білдіруде, түрлі ұйымдар менкәсіпорындардың жұмыскерлері зардап шеккендерге көмек көрсету үшін бірігіпжатыр. Бір өңірдің басына түскен қиыншылық – бәрімізге ортақ мәселе. Бізхалқымыздың ынтымағының арқасында барлық қиындықты еңсереміз. Баршақазақстандықтарға ризашылығымды білдіремін», — деді Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫ.
Бұлотырысқа президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ІІС министрі Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ, БақытжанСАҒЫНТАЕВ, Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ бастаған шенділер қатысты.
«Отырыс қорытындысы бойынша Арыс қаласында жөндеу жұмыстарынжүргізужәне азаматтардың тұрғылықты жеріне оралуын ұйымдастыру жөнінде нақтытапсырмалар берілді», — делінген экс-президенттің баспасөз қызметі таратқанақпаратта.
Фото: akorda.kz