6-шілдеде үй берді, 7-шілдеде кілтті жинап алды

18.09.2019, 16:17

4

Елдегі көп балалыаналардың наразылығынан соң, оларды баспанамен қамту мәселесіне алғаш бопкіріскендердің бірі Алматы облысының әкімдігі болатын.  Өңір басшысы Амандық БАТАЛОВТЫҢ сөзінесенсек, қазір Алматы облысында жеке кәсіпкерлердің қаражатына көп балалы жәнеаз қамтылған 160 отбасына үй сатып алынған. Бірақ, оларды басыбайлы баспанаменқамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар Алматы облысында, әзірге, ауызтолтырып айтатындай нәтижелі емес. Мұны қала мен облыс әкімдігінің алдынажиналып, жиі наразылығын білдіріп жататын көп балалы аналардың көңіл-күйіненбайқауға болады. Дегенмен, Баталов бұл мәселені шешуге барынша тырысып жатқанынатап өткен жөн. Әкім наразылығы күн санап артып жатқан аналарға арнап коттеджқалашығын беруге дайын. Мұндағы 150-ден астам үйдің кілті қыркүйектің соңынадейін көп балалы аналарға табысталатынын айтқан. Кілт табыстау демекші…Баталов Алматы облысындағы қоныс тойларды жібермейтін әкімдердің бірі.Пайдалануға берілетін жаңа үйлерге барып, пәтер иелеріне кілтті салтанаттытүрде өзі табыстайды. 


Сондай үйлердіңбірін Амандық ҒАББАСҰЛЫ  Елбасы менНұр-Сұлтанның туған күнінде, яғни, шілденің 6-ы күні Қаратал ауданының орталығыҮштөбе қаласында салтанатты түрде пайдалануға берген еді. 60 пәтерлі көпқабаттыүй «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған екен. Қызығы, көп балалыаналар мен аз қамтылған отбасылар және бюджеттік сала қызметкерлері «нұрланған»  үйдің пәтер кілтін Баталов кете салып,әкімдік қызметкерлеріне қайта тапсырған көрінеді. 2 ай өтсе де мұнда "Қонысқұтты болсын" деген жазу әлі тұр. Бірақ, тұрып жатқандардың қарасы аз, бостұрған пәтерлер көп.


«2-ақ күн болды көшіп келгеніме. 2010-жылдан берімүгедек қызымды асыраушы ретінде пәтер кезегінде тұрғамын. 6-шы шілде күні облысәкімі Амандық Баталов салтанатты түрде кілттерді табыстады.  Бірақ, мен белгілі себептерге байланыстықатыса алмадым. Сосын, әкімдіктегілер ұсақ-түйек жұмыстар бітпей жатыр депкілттерді қайтадан жинап алды. Тамыздың 22-де хабарласып, кешкі 6-да кілтіңізді алыңыз деп хабарласты. Сол күніәкімдіктегі бір әйел аулаға әкеп қолыма табыстады. Келісім-шартты да енді ғанаалдық. Пәтерім 1 бөлмелі, бірақ әлі толық қоныстанып бітпедік»-дейді2-топтағы мүгедек қызын асырап отырған Сәуле ШӘРІПОВА.

Енді ғанақоныстанып жатқан тұрғындардың көбі «Жас АЛАШ»тілшісіне мән-жайды түсіндіргенімен, аты-жөндерін айтуды жөн санамады.Сөздеріне сенсек, Баталов  алдын аладайындап қойған 5 адамға ғана кілт табыстаған. Артынша үйдің құрылысы толықаяқталмағанын айтып, кілтті қайта жинап алған. Бұл мәселені Қаратал ауданыныңәкімінен сұрамақ болдық. Тамыздың 16-да ғана тағайындалған әкім ҚайратБҰЛДЫБАЕВ баспасөз хатшысы арқылы «аталған жәйтты білмеймін» депқысқа қайырыпты. Тұрғын үй мәселесіне жауапты әкім орынбасары орнына «Назарбаевтыңпортретін қалдырып кеткен»екен. Араға жарты сағат салып, тілшілер сауалынажауап беретін маман табылды.

«Пәтердің бәрі 1 және 2 бөлмелі, көлемі -42 шаршы метрденбастап 63 шаршы метрге дейін. Жалгерлік үй. Құны — 410 миллион теңге. Аталғанүй ауданымыздағы кезекте тұрған мұқтаж азаматтарға берілді. Атап айтқанда, 26көп балалы отбасы, әлеуметтік аз қамтылған топтағы 59 отбасы мен 15 бюджеттіксала қызметкерлеріне берілді.  Барлықүйде адамдар тұрып жатыр, барлық коммуникациясы тартылған. Пәтер кілттерін бізшілденің 6-да тараттық. Бірақ, комиссия тексергенде ескертпелер болды. Солсебепті кей үйлер кешірек берілді», — дейді Қаратал аудандық тұрғын-үйкоммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Жанат МОРТЫҚОВ.

Өзін үнеміқұрылысшымын деп айтатын әкімнің құрылысы толық аяқталмаған үйді қалайшапайдалануға бергені қызық? Әлде, Баталов Елбасының туған күнінде ұпай жинауүшін көзбояушылықпен айналысатын әкімдердің қатарында ма?  Ол жағы, әрине, әкім мырзаның өзіне ғана аян!


Фотолар автордікі.



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34