6 триллион қайда?

07.05.2020, 05:36

40

Коронавирус індетіне қарсы күреске бөлінген 6 триллион теңгенің «қызығын» қарапайымтұрғындарға қарағанда, олигархтар мен банкирлер аямай көрді. Бұл қаржының 5пайызы ғана 42 500 теңге көлемінде уақытша жұмыссыз қалғандарға үлестірілсе,негізгі жілікті жері байшыкештерге бұйырды.

Әлемдік қаржы дағдарысы қарсаңында бюджетқаржысын опыра асайтын шенеуніктер «дәстүр-салтынан» әлі де жаңылмай отыр. Ұтқыройлы ұсыныстар парламент төрінен естілмей тұр. Кімнің кімге борышкер екенінтүсінуден қалдық. Үкімет халықтың қамын ойлауы керек пе, халық үкіметтің қамынжеуі керек пе? Пандемия кесірінен төніп келе жатқан экономикалық рецессиякезінде Қазақстан үкіметінің бюджеттік саясаты қандай бағыт алды? Алда бізді некүтіп тұр? Мақтааралдағы су апаты бізге қандай сабақ болды? Қазір көпшілікті осыжәне өзге де мәселелер қатты толғандырып отырғаны рас.  

Республика бюджетінің жүзеге асуын 15 жыл бойы тынбастанзерттеп келе жатқан мемлекет қаржысы жөніндегі сарапшы, «Zertteu Research Institute»

сараптама орталығының ойына келген бағамен сатып алыпжатқан кәкір- қоғамдық қорының құрылтайшысы Шолпан Әйтенованың бұл мәселелербойынша пікірі тіпті қызық.

–Қазіргі заң талаптарын бюджеттің тепе-теңдігі менмемлекеттік қаржының тұрақтылығына қарай ыңғайлау реформаларын бюджеттіксаясаттың жақсы жағы деп айтуға болады. Бірақ прогрессивті құқықтық құжаттыңбарлығы бюджеттің тиімді орындалуына кепілдік бола алмайды. Бюджеттік саясаттыңең негізгі кемшілігі мемлекеттік бағдарламалар мен бюджет шығындарының қағазтүріндегі формалды байланысы, нәтиже аяқсыз қалса, ешкімге жауапкершіліктіңжүктелмейтіні деп айтар едім.

Жауапкершілік жоқ болғандықтан шығар, әділетминистрлігіне қарасты сот шүкірін көрсеңіз, жаға ұстайсыз. «Zertteu Research Institute» қоғамдық қорыныңхабарлауынша, аталған мекеме биыл 4 мамырда бір литрлік дезинфекция жасайтын антисептикфлаконын 24 650 теңгеден сатып алған. Ал оның бағасы нарықта 6222 теңге тұрады.Бір-екі данасын сатып алса ештеңе емес еді. 639 флаконды барлығы 15 млн 700 мыңтеңгеге сатып алған. Бас-аяғы 3,5 млн теңгеден аспайтын антисептик төрт есеқымбатқа түскен. 

 Араға бір күнсалып әділет министрлігінің сот сараптамалық орталығы бұдан да сорақы саудағажол берген. 5 мамыр күні адамның дене қызуын қашықтан өлшейтін 35 тепловизорсатып алыпты. Бір тепловизордың нарықтағы құны 7900 теңге тұрса, әділетминистрлігі оның әр данасын 25 есе қымбатқа – 199 900 теңгеден сатып алып,«жомарттық» жасаған. 35 тепловизордың жалпы құны 6 999 500 теңгеге шыққан. Біркүндік «бизнес».     Егер бұл қаржы солсатып алушының өз қалтасынан шықса үндемес едік. Бюджеттің әр тиынында әрбіразаматтың маңдай тері бар ғой. Оның жауабы осы дүниеде және шұғыл түрде берілуітиіс.

    Мұндай жағдайжергілікті әкімдіктер мен мемлекеттік органдарда да жиі кездеседі. Өйткеніжергілікті бюджеттің 60-70 пайызы республикалық бюджеттен қаржыландырылса да,ол ақшаны қайда, не үшін жұмсауды әкімнің өзі ғана шешеді. Бірақ оның соңықатаң бақылауға алынбайды. Бақылау болмаған жерде жауапсыздық, салғырттық,өзімбілемдікпен қоса, жемқорлықтың да өре жайылатыны бар. Бір күндік «бизнес»дамыған үстіне дами түседі.

 Әу бастакоронавирусқа қарсы күреске мемлекет есебінен 6 трлн теңге бөлінгенін айтқанедік. Енді сол әңгімеге қайта ойыссақ. 6 трлн теңге – Қазақстанның жылдықбюджетінің тең жартысына жуық. Бұл қаржы қайда кетті? Нақты қай салаға қаншаақша бөлінді? Жауап жоқ.

Төтенше жағдай енгізіліп, екі апта өтер-өтпестен ірісупермаркет қожайындары «230 млн теңге шығын көрдік» деп, үкіметтен ақша сұрапқыңқылдай бастады. Ұлттық әуе компанияларымыз шығындарын бұдан пәленбай есеасыра көрсетіп, «280 млн доллар шығынға ұшырадық» деп қол жайды. Банк атаулыкредиттердің мерзімін кейінге шегергенімен, үстіндегі өсімпұлды сол күйіқалдырды. Яғни карантин жағдайында табатын пайдадан қағылған жоқ. Бірақ үкіметбұл жолы да банктерден барын аямады. «Бизнесті қолдау» бағдарламасы бойынша 1млрд доллар қаржы берді.

 Салыстырмалы түрдеалар болсақ, көрші Өзбекстан мемлекеті індетке қарсы күрес, бизнес саласынқолдау, тұрғындарды әлеуметтік қолдау үшін бар болғаны 1 млрд доллар ғанажұмсады. Енді нәтижесіне назар аударайық. Бізде коронавирус індетінешалдыққандар 4000-нан асса, Өзбекстанда 2000-ның үстінде. Яғни бізден екі есетөмен.

Коронавирус індетімен қоса, енді өзбектердің жауапсыздығысалдарынан Мақтаарал өңірін топан су басты. Бірнеше ауыл қаңырап су астындақалды. Тірі жаннан шығын жоқ дегенмен, диқандықты кәсіп еткен егіншілердіңқаншама егістік алқабы су астында қалды. Басындағы баспанадан айырылды. Мұныңбарлығы мемлекетке тағы да қосымша жүк, шығын екені даусыз.

 Ал үкімет санапберген ақшаны не болса соған шашып, ішіп-жеп отырған шенеуніктеріміздің түрімынау. Бәлкім, «Иттің малын шошқадан аяймыз ба?» дейтін шығар. Бірақ ит пеншошқаның кім екенін өздері де түсінбейтін сияқты.


Тоқтар ЖАҚАШ,

«Жас Алаш»

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 07:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 06:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 07:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 07:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 07:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 07:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57