Шымбұлақ ертең қысқы маусымын ашады
6 желтоқсанда Shymbulak тау курорты қысқы маусымды ресми түрде ашады және келушілерге көңіл көтеру бағдарламасын ұсынады.
Іс-шара барысында музыканттардың өнер көрсетулері, интерактивті ойындар, ұтыс ойыны және алғашқы Shymba Après Ski кеші өтеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.
Таңертеңнен бастап базалық станцияда қонақтарды DJ-сеттер, жүргізушілер, сондай-ақ әртістердің жанды орындаулары қарсы алады. Бағдарламада Stradivari квартетінің өнері, би ансамбльдерінің қойылымдары өнер көрсетеді. Сонымен қатар, қонақтарға көркемдік перформанстар, тақырыптық аймақтар, фотокеңістіктер және отбасылық белсенді демалыс форматы ұсынылады.
Мерекелік атмосфера курорттың бес түрлі аймағында өтеді:
8:30 – 17:00 — Шымбұлақтың Базалық станциясында концерт, конкурстар және DJ-сеттер өтеді. Бағдарламаның хэдлайнері – қазақстандық инди-музыкант dudeontheguitar. Ол жаңа альбомындағы композициялар мен танымал тректерін орындайды (11:40–12:00).
9:00 – 15:00 — Медеу Базалық станциясында Red Bull-дың DJ-сеті болады.
10:00 – 16:00 — Талғар асуында күн бойы DJ-сеттер мен белсенді іс-шаралар өтеді.
10:00 – 17:30 — Мұз айдынында жаппай сырғанау, аниматорлардың бағдарламасы, ұтыс ойындары және мәнерлеп сырғанаушылардың арнайы қойылымы ұсынылады (12:00–12:15).
12:00 – 16:30 — Орта станциясында (Le Mont) алғашқы Shymba Après-ski кеші өтеді.
Орта станциядағы Le Mont алаңында алғаш рет өтетін күндізгі Shymba Après Ski кеші осы маусымның ерекшілігі.
Après-ski — шаңғы немесе сноуборд тебуден кейінгі еркін қарым-қатынас пен жайлы демалыс атмосферасын ұсынатын формат. Мұндай стильдегі іс-шаралар еуропалық тау курорттарында қонақтарға жақсы таныс. Енді осы ауқымды après-ski дәстүрі Shymbulak-та да өз жалғасын табады.
Алматылық Elevation және Vihod промо-командаларымен бірлесіп ұйымдастырылатын атмосфералық кештер әр сенбі сайын өтеді. Қонақтарды музыка, 2850 метр биіктіктен ашылатын қала көріністері және талғамы жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын белсенді қауымдастық күтеді. Алғашқы кеш 6 желтоқсан күні, сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін өтеді.
Shymbulak қала тұрғындары мен қонақтарын жаңа маусымды бірге ашуға шақырады. Алда бес айлық сырғанау, жарқын оқиғалар және тек тауда сезілетін қысқы Алматының ерекше атмосферасы күтеді.
Маусымның ашылуына Талғар асуынан басталатын түнгі сырғанаудың басталуы да ерекше әсер береді. Көтергіштерге кіру сағат 19:00-ден 22:30-ға дейін («Комби-2») жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта Талғар, Жасыл Алаң (Зелёная Поляна), Ақ Аю (Белый Мишка) және Ақбарсық трассалары ашық. Курорт командасы қалған беткейлерді дайындауда.