62 мың жетім бала тұрғын үй кезегінде тұр – министр
Мәжілістің жалпы отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев тұрғын үй кезегінде 62 мың жетім бала тұрғанын айтты, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ирина Смирнова тұрғын үй жайлы заң жобасы жайлы министр Қанат Шарлапаевқа жетімдердің жағдайы туралы сұрақ қойды.
«Жетім мәртебесі бар, ата-анасының қамқорлығынан айырылған 63 мыңға жуық азамат өз баспаналарын уақытында ала алмады. 30 жыл іс жүзінде бұл мәселемен ешкім айналысқан жоқ. Ал қазір олардың баспанасы жоқ, бірақ мемлекет өз жауапкершілігін орындайды деп үміттенеді. Бірақ тұрғын үй осындай қарқынмен берілгендіктен, олар 100 жылдан кейін ғана баспана алады. Сіз бұл мәселені қалай шешесіз деп ойлайсыз?», - деді Ирина Смирнова.
Министр Қанат Шарлапаев бұл жалпыхалықтық мәселе екенін айтты.
«Шынында да, қазір 62 мың жетім бала кезекте тұр. Мәселе жалпыхалықтық. Менің ойымша, ваучерлермен идеяны пысықтаймыз, не істеуге болатынын көреміз. Қазіргі бағдарламалар әлі де бар екенін атап өткім келеді, бұл жағдайды кеңейту немесе құру мәселесі тұр, бізде жетім балалар, өкінішке қарай, сәл ұзағырақ кезекте тұр. Себебі бұл қағида есепке алынған күнге сәйкес оларға қатысты әрдайым сақталмады. Міне, бұл норма бір жылды жаппай келесіге көшпеуді қарастырады. Бұл ұзақ мерзімді кезекте тұрудан сақтайды», - деді Шарлапаев.