Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:12, 03 Қазан 2019

64 ұстаз «Үздік педагог» атанды

«Үздік педагог 2019» атағына 64 ұстаз ие болды. Бүгін республикалықбайқаудың жеңімпаздары мараптаталды.

Республикалық байқаудың қалалық жәнеаудандық турларына 3707-ден астам ұстаз қатысты.Облыстық деңгейге 630 мұғалімөтіп, финалда 108 ұстаз іріктелд

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. 

«Қадірлі ардагер ұстаздар, аса құрметті әріптестер, ең алдымен сіздердікәсіби мерекеміз — ұстаздар күнімен құттықтаймын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевегемендік алғаннан бастап ғылым саласына ерекше көңіл бөлуде. Мұны өздеріңізжақсы білесіздер. Елбасының салиқалы саясатының арқасында еліміздің білімсаласы биіктерден көрінуде. Қазір осы жұмыс жалғасуда. Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Кемелұлы өзінің сайлауалды бағдарламасында білім саласын дамытуғааса назар аударып, біздің алдымызға үлкен міндеттер қойды. Биылғы тамызконференциясына президенттің өзі қатысып, біздің ұстаздарға алғысын айтып,жүйеміздің алдына үлкен мақсаттар қойғанын да білесіздер», — дедіминистр. 

Сондай-ақ, министр төрт жыл ішінде ұстаздардыңжалақысын екі есе арттыруға байланысты тапсырма берілгенін атап өтті. 

«Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Елбасының арнайы тапсырмасымен,педагог мәртебесі туралы заң қаралып жатыр. Оның өзіне 3 трлн теңге қаражатқарастырылған. Бұл деген — ұстаздарға, білім саласына деген үлкен құрмет.Әрине, проблемалар жоқ емес, бар. Біз оның бәрін білеміз. Соның барлығынмұғалімдер, ата-аналар, қоғаммен бірлесе отырып, шешеміз деп айтқым келеді.Енді ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлы «Маған бәрінен де ұстаз, мұғалім жақын.Мұғалім- мектептің жүрегі » дегенін бәріңіз білесіздер. Сондықтанмұғалімге қанша жақсылық жасасақ та, мадақтау айтсақ та, ол көп болмайды.Өйткені мұғалімнің жұмысы — өте маңызды. Мемлекетіміздің алға жылжуы, болашағымыздыжарқын ету үшін ең алдынғы қатардағы мамандықтардың бірі екенін білеміз», — деді А.Аймағамбетов.Сондай-ақ, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептегі ұстазын ескеалды.«Менің ұстазым Людмила Валентиновна тек маған ғана ыстық ықыласпен қарайтынсияқты көрінетін. Басыңнан сипап, жылы сөздерін жаудырғанда жаның жадырапқалатын. Кейін келе ол тек маған ғана емес, барлық оқушыларға сондай ерекшекөзқараспен қарайтынын білдім. Барлығына бірдей қарым-қатынас болса да әр балаөзін ерекше сезінуі — мұғалімнің таланты. Осындай ұстаздарымыз жетерлік.Солардың нәтижесінде еліміз үлкен жетістіктерге жетіп жатыр.Өте керемет мереке.Қазір заң жобасы Парламент Сенатында қаралып жатыр. Бұл заңнан көп нәрсекүтуге, айтуға болады. Бүгінде бүкіл қоғам педагог мәртебесі туралы айтып жатыр.Бұл үлкен жетістік. Ұстаздарға қанша жылы сөз айтсақ та аз. Алғаш ретпедагогтар туралы заңның қабылдануы да өте үлкен дәреже, жетістік. Разыоқытушыларыңыз көп болсын. Бірақ, бүгін разы, түсінігі мол ата-ана тілеген дұрысшығар»,-деді А. Аймағамбетов.Өз кезегінде «Үздік педагог 2019» жеңімпаздарының бірі Жамбыл облысы Байзақауданы, Ғани Мұратбаев атындағы атындағы гимназияның ұстазы Бақыт Кудериеваөзінің әсерімен бөлісті. 

«Байқауға 28 жылдық еңбек өтілімнің барлығын жинап,дайындалдым. Ұстаздық жолымда талай шәкірттерді тәрбиеледім, көп еңбек еттім,сол еңбегімнің нәтижесі деп ойлаймын. «Үздік педагог» болу үшін өзіміздің жекешығармашылық тақырыбымыз бойынша жобалар дайындау,өзіміздің жәнеоқушыларымыздың жетістіктері бағаланды. Мұғалімнің педагогикалық, шығармашылықжұмыстары да бағаланды, мәселен, бағдарламалар мен көмекші әдіснамалықтардыәзірледік. Өзіміздің ізбасарларымызға көмек болсын деп дайындадық», — деді ол.Сондай-ақ, үздік ұстаз аталған байқауға қатысушы үміткерлерге емтихандардақандай сұрақтар болатынымен бөлісті. 

«Мен алдымен мұғалімнің ең алдымен теориялық білім мықты болуы керекдеген ұстанымға келдім. Терең теориялық білімнің арқасында тестен сүрінбейөттім. Қалғаны мұғалімнің шығармашылық жолында жасалатын жұмыстар. Бүгінгікөңіл күйім өте керемет. Нұр-Сұлтан қаласына үздік педагог ретінде келіптұрмын. Тәуелсіз еліміздің елордасында осындай биік жүлдеге ие болып жатқанымақуаныштымын. Елде болып жатқан барлық іс-шаралар біздің көңіл –кұйімізден шығыпжатыр. Педагог мәртбесін арттыру бойынша бірқатар бастамалар жүзеге асырылуда.Педагогтың қадір-қасиетін артыратын шаралар көңілді көншітеді», — дедіол. 

Айта кетейік, 8 жыл ішінде аталған байқауға 35 127педагог қатысқан, оның ішінде мектепке дейінгі және орта, техникалық жәнекәсіптік білім беру жүйесіндегі 432 педагог 1000 АЕК көлемінде ақшалайсыйақымен және "Үздік педагог" белгісімен марапатталған.

Биылғы салтанатты шараның тағы бір ерекшелігі – байқаужеңімпаздарын құттықтаумен қатар жеңімпаздардың біріне қоғамдық маңызы барбастамаларды дамыту қорымен "Қазақстан мұғалімі" сыйлықақысыберіледі. Жеңімпаздар арасындағы ең үздік 10 жұмыс "Әлеммұғалімі-2020" халықаралық конкурсына жіберілетін болады.

Аягөз Құрмаш 

Дереккөз: strategy2050.kz

Тегтер: