66 жастағы Ахметов 70 жастағы қарияларға тыйым салды

31.03.2020, 18:29

3

Сәуірайының 2-і күні сағат 00-ден бастап Шығыстың екі қаласы — Өскемен мен Семейгеде карантин жарияланатын болады. Бұл туралы бүгін Шығыс Қазақстан облысыныңәкімі Даниал Ахметов өзінің Инстаграм, Фейсбук әлеуметтік желілерінде тікелеймәлімдеме жариялады.

 Өңірдетөтенше жағдай талаптарына сәйкес, карантин жарияланатыны жөнінде Д. Ахметовтіңаты-жөні қойылған мәлімдемесі бүгін таңертеңнен бастап газет форматындаәлеуметтік желілерде «қыдырып» кеткен болатын. Алайда, неге екені белгісізтүске дейін облыс әкімінің баспасөз қызметі бұған қатысты нақты мәлімет бермей«тарс бүркеніп» жатып алды. Бұл жергілікті БАҚ өкілдері мен республикалық БАҚтілшілерінің де арасында түсініспеушілік туғызғаны шындық. Ал, түскі уақыткезінде ШҚО әкімі Д. Ахметов төмендегі мәлімдемесін жариялады:

 «Мемлекеттіккомиссиямен келісе отырып, Сіздердің ұсыныс, өтініштеріңіз бойынша, Өскемен менСемей қалаларында, 2020 жылғы, 2 сәуірде, сағат 00.00-ден бастап, қосымшашектеулер енгізіледі.

Шығу және кірушектеледі, 15 бақылау-өткізу пункті қойылады. Сонымен қатар, біріншіқажеттіліктегі тауарларды жеткізу үшін «жасыл дәліз» ашылды.

 Көлік қозғалысы күндіз шектеліп, түндетоқтайды. Тек қызметтік көліктерге рұқсат берілді. Бір апта ішінде қоғамдықкөлік қатынасы қысқартылады. Кәсіпорындар өз қызметкерлерін жеке кесте бойыншажеткізетін болады.

6 сәуірден бастап,жеке көлік қозғалысы шектеледі. Күнтізбенің жұп күндері, көлік нөмірі нөлдіқосқанда, тек жұп санына аяқталғандар, ал тақ күндері, көлік нөмірі тақ санғааяқталғандар ғана жүреді»,-деп айтылған өңір басшысының мәлімдемесінде.

   ДаниалАхметовтің айтуынша, 6 сәуірден бастап, Өскемен, Семей аумағында тұрғындардыңжүріс-қозғалысы екі түрлі рұқсат қағазы арқылы ғана жүзеге асатын болады. Біріншітүрі – қалалардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйым қызметкерлері, жұмысістейтін азаматтарға арналса, екіншісі әрбір отбасына беріледі. Осы құжатнегізінде аптасына 3 рет сауда нысандарына, дәріханаларға, банктер мен медицинамекемелеріне баруға болады.
   «Рұқсат қағазының жасыл түсі — жұпкүні, Ақ түсі — айдың тек, тақ күндері шығуға мүмкіндік етеді.

2 сәуірден бастап, азық-түлікбөлімдерінен басқа, ірі сауда нысандарының қызметі тоқтайды. Мейрамханалар,дәмханалар, асханалар онлайн түрде тапсырыс алу, жеткізу режиміне өтеді» дейдіөңір басшысы.

 Сонымен қатар сұлулық салондары, массаж орталықтары, сауна қызметкөрсету орындарының да қызметі тоқтатылады. Қызығы сол, 68 жасқа енді толатыноблыс әкімі жасы 70-тен асқан жерлестерінің үйден шығуына тыйым салыпты. 

«Өскемен жәнеСемейдегі, жасы 70-тен асқан жерлестеріме, бірінші, екінші топтағы мүмкіндігішектеулі жандарға, үйден шықпауларын сұраймын. 2 сәуірден бастап, азық-түлік, дәрі-дәрмекті үйлеріңізгежеткізетін боламыз. Ол үшін әлеуметтік маңызы бар, азық-түлік өнімдерінің 19түрі, гигиена құралдарының 10 түрі кіретін 4 жинақ жасалды. Жеткізу аптасынабір рет тегін болады» дейді Д. Ахметов…



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34