Бүгін, 11:35
6,7 млн теңге жымқырған экс-шенеунікке үкім шықты
Сот ҚазАвтоЖол филиалының бұрынғы басшысына қатысты үкім шығарды. Ол бюджеттен 6,7 млн теңге жымқырды деп танылды.
Тергеу мәліметінше, КАЖсервис ЖШС-нің Шығыс Қазақстан облысындағы филиалында жалған қызметкерлер арқылы қаржы жымқыру схемасы ұйымдастырылған. Қағаз жүзінде жұмысқа алынған адамдарға жалақы есептеліп, қаражатты күдіктілер өздері иемденіп отырған.
Аталған заңбұзушылық 2024 жылы анықталып, қылмыстық іс қозғалған. Кейін бұл іске филиалдың экс-директорының қатысы бары белгілі болды.
Сот оны 2 жыл 9 айға бас бостандығын шектеуге үкім еткен. Алайда прокуратураның апелляциялық шағымынан кейін жаза 3,5 жылға дейін ұлғайтылды.
Сонымен қатар келтірілген шығынды толық өндіру туралы шешім қабылданып, қазіргі таңда қаражат толық өтелген.