Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:00

7 трлн теңге туралы мәлімдеме жасаған Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметінен кетті

Берік Шолпанқұлов
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Берік Шолпанқұлов Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Берік Шолпанқұлов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды», – делінген ресми хабарламада.

7 трлн теңге туралы мәлімдеме

Бұған дейін, 28 қаңтарда, Мемлекет басшысы Қазақстандағы банктердің бірі шетелге 7 трлн теңгеден астам қаржы аударғанын айтқан еді. Бұл мәлімдеме қоғамда үлкен резонанс тудырды. Қандай банк екені, қай елге және қандай негізде қаражат жіберілгені нақтыланбады.

Кейінірек аталған ақпарат ресми ресурстардан жоғалып кетті. 

Ұлттық банктің түсіндірмесі

19 ақпанда Берік Шолпанқұлов президент айтқан 7 трлн теңге «шығарылған қаржы» емес, банк жүйесіндегі жалпы айналым көлемі екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі сәтте Ұлттық банк тарапынан заңбұзушылық анықталмаған.

Ақорданың позициясы

Осы жағдайдан кейін Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смағұлов Мемлекет басшысы тексерілмеген ақпарат таратпайтынын мәлімдеді.