700 мың тоннаға дейін дизель отыны тапшылығы бар
Елімізде 700 мың тоннаға дейін дизель отыны тапшылығы бар. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев айтты.
— Дизель отынының тапшылығы жұмыс істеп тұрған зауыттардың қуатын арттыру және төртінші мұнай өңдеу зауытын салу есебінен шешіледі. Дегенмен, қазіргі дизель отыны тапшылығының негізгі себебі — бағасының көршілес елдермен салыстырғанда төмендігі. Кеден одағына байланысты көрші мемлекеттерден автокөліктер келіп, жанар-жағармай бекеттерінен дизель отынын құйып әкетіп жатыр. Сондықтан қазіргі ең бірінші бағыт — дизель отыны өндірісін арттыру. 1932 жылға дейін үш зауытымыз жаңғыртудан өтіп, жаңа зауыт салынғаннан кейін мәселе толық шешіледі, — деді вице-министр Мәжілістің жалпы отырысынан кейін.
Оның дерегінше, қазіргі уақытта елімізде 650-700 мың дизель отыны тапшы. Бұл көлем көрші елдерден әкелінбек.
— Дизель мен авиаотын бір фракциядан өндіріледі. Сондықтан дизель өндіруді арттырсақ, авиаотын өндіруді төмендету қажет болады. Бірақ, біз 50/50 ұстап отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, дизель отыны көктемгі және күзгі ауыл шаруашылығы науқанында, Қазақстан темір жолында, транзиттік автокөліктерде пайдаланылады, — деді ол.