17:17, 31 Қазан 2024
71 мыңнан астам қорап темекі Қазақстаннан жасырын шығарылмақ болған
28 қазан күні «Жайсан» автокөлік өткізу пунктінде ҰҚК ШҚ Ақтөбе облысы бойынша департаменті темекілердің ірі партиясын заңсыз әкетудің жолын кесті.
71 мыңнан астам қорап темекі өнімдерін көкөніс өнімдері салынған жәшіктердің астына жасырып, ілеспе құжаттарсыз Қазақстаннан шығаруға әрекеттенген. Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген тауардың құны шамамен 50 млн теңгені құрайды, делінген хабарламада.
Ұсталған жүк әрі қарай қаралуы үшін тиісті органға берілді.