Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:00, 07 Қазан 2024

Сайлаушылардың 71,12 пайызы АЭС салуды қолдады - ОСК

у
Фото: ашық дереккөз
ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады

Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адамды құрайды.

 Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 7 миллион 820 мың 204 адамды немесе 63,66% құрады. Қорытынды бойынша референдумға қойылған мәселенің оң шешілуін 5 миллион 561 мың 937 адам немесе сайлаушылардың 71,12 пайызы қолдады, 26,15 пайызы қарсы дауыс берді, делінген хабарламада.

Орталық сайлау комиссиясының ресми деректері атом электр станциясын салу идеясын қолдаушылардың көпшілігі осы үш аймақта болғанын көрсетеді:

🔹Қостанай облысы – 82,18%
🔹Ұлытау - 80,12%
🔹Қызылорда облысы - 78,34%

Ал АЭС-ке қарсылардың көпшілігі осы үш аймақта:

🔹Алматы – 39,24%
🔹Батыс Қазақстан облысы – 34,2%
🔹Астана – 32,22%

 

Тегтер: