Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:45, 10 Қараша 2019

80 жылдыққа орай 80 нысан ел игілігіне беріле бастады

Жамбыл облысының 80 жылдық тойы қоныс тойғаұласып, көпшіліктің қуанышын еселеу үстінде.

Бұл ретте Жамбыл облысыәкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Дауыл Ынтықбаев: «Мәселе 80жылдықты тойлау емес, халыққа пайдасы тиетін, тұрмысын жақсартуға бағытталғаннысандарды ел игілігіне пайдалануға беру. Атап айтқанда, мереке қарсаңындаТараз қаласында 44 пәтерлі 1 тұрғын үй пайдалануға берілсе, 80 пәтерлі 6 үй, 60пәтерлі 2 үй және Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында 120 пәтерлі 1 тұрғын үйдіңкілттері алдағы күндері табысталатын болады»,- деді.

Сонымен қатар, Жуалы ауданы, Б.Момышұлыауылындағы «Көктөбе» жаңа тұрғын алқабындағы инфрақұрылым нысандары, Шуқаласындағы 258,7 гектар тұрғын үй массивін инженерлік-коммуникациялықинфрақұрылыммен жабдықтау жүйесі, Далақайнар ауылындағы орта мектепте жапсарласнысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, спортзал, асхана, технология кабинеттерііске қосылмақшы екен. Денсаулық сақтау саласында да жағымды жаңалықтар жетерлік.«Мәселен, облыс аумағындағы 41 елді мекенде алғашқы медициналық көмек көрсетупунктері ашылып, ел игілігіне тапсырылуда»,- деді ол.Сонымен қатар, тіршілік көзінің түйіні шешіліп, Шу ауданының Абай, Мойынқұмауылдарын және Қордай ауданының Әлжан ана ауылын, Жуалы ауданының Қарасазауылын сумен қамту жүйесі іске қосылмақ.Салауатты өмір салтының олжасына айналар оң істердің нәтижесі де мереке күндеріоблыс тұрғындарына тарту болмақ. Тараз қаласының Жансая мөлтек ауданы мен Таласауданындағы Қаратау қаласы, Көктал, Үшарал ауылдарында және Жуалы ауданыныңҚарабастау ауылында спорт алаңдары ашылып, пайдалануға беріледі.Облыста бұрын соңды болмаған бірегей жоба, Т.Рысқұлов ауданының Жарлысуауылында ата-баба дәстүрін жалғастырушы, елімізге әйгілі «Шаушен» шаруақожалығы қымызбен емдеу орталығының жанынан 50 адамға арналған сауықтыру кешенініске қоспақшы.Облыс мерекесінде көпшілік мәдениет саласындағы мәуелі істердің жемісіне де куәболмақ. Тараз қаласында 13 тарихи-танымдық және көпшіліктің жиі бас қосып, тамашалайтынмәдени нысандары ашылатын болады.

Жамбыл облысының 80 жылдығы желтоқсанайының 24-і күні ресми аталып өтіледі деп жоспарланып отыр.

Тегтер: