Кеше, 10:00
805,9 млн теңге: «Самұрық-Қазына» төрағасы Нұрлан Жақыповтың табысы жарияланды
«Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов соңғы үш жылдағы кірісін декларациялады.
Құжатқа сәйкес, оның табысы жыл сайын жүздеген миллион теңгемен есептеледі.
- 2022 жылы – 422,1 млн теңге;
- 2023 жылы – 186,5 млн теңге;
- 2024 жылы – 197,2 млн теңге.
Осылайша, үш жылдағы жиынтық табыс көлемі 805,9 млн теңгені құраған.
Сондай-ақ 2024 жылға арналған декларацияда қордың даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры, басқарма мүшесі Салтанат Сәтжан 8,2 млн теңге табыс көрсеткен.