Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
02:12, 10 Мамыр 2019

9 мамыр Ахметов пен казактардың ортақ мерекесі

Жеңістің 74-інші көктемі.Осылай деп ұрандатқан өскемендіктер 9-мамырды «Мәңгілік полк» шеруінешығу арқылы қарсы алды.

Шеру демекші, шығыстықтар биылғы жылы бұл шараның атауын«Батырларға тағзым» деп өзгертіпті. Бірақ, аты өзгергенімен заты солбаяғы «БЕССМЕРТНЫЙ ПОЛК». Айтпақшы, Ресейден бастау алған бұлакцияның атын ауыстырғанымен отандық сайттардың арасында бәрібір «Бессмертныйполк» шеруі өтті деп жазғандар болды.

Шеруге қатысушылар қолдарынамайдангер туыс-туғандарының суреттерін ұстап, таңғы сағат тоғыздан Өзенвокзалына қарай ағылды. Дәл осы жерден бастау алған акция, Стрелка ауданындағыДаңқ мемориалы орналасқан Жеңіс саябағында жалғасты. Жалпы шараны ұйымдастырушыӨскемен қаласы әкімдігінің таратқан мәліметінше, шеруге 25 мыңнан астам адамқатысыпты.

Ертістің бойын жағалай жылжығаншеруге қара халықтан өзге облыс пен қала әкімшілігінің қызметкерлері де тайлы-тұяғықалмай келіпті. Өңір басшысы Даниял АХМЕТОВ те осы топтың дәл ортасында жүрді. Казактарда қалыспады. Ресей патшалық дәуірін еске салған казактардың қай жеңісті тойлапжатқандарын Жас АЛАШтілшісі білмек болды.  

Біз Казактар жәнеКазактар қауымдастығының мүшелері бір кісідей жұмылып, жылдағыдай«Мәңгілік полк» шеруіне қатыстық. Мәңгілік алауға гүл қойдық.Әрқайсысымыздың отбасымыздан соғысқа қатысқан жақындарымыз бар. Соларды ескеалдық. Құрмет көрсеттік. Жалпы мейрам туралы айтар болсам, бұл күн бәріміз үшінҰлы күн. Ұлы мереке. Дәл бүгінгі күні маңыздылығын жоғалтты деп айта алмаймын.Керісінше, мерекенің қадір-қасиеті артып келеді. Соғыс болмасын! Әлемдетыныштық болсын! Сол үшін ұрпақтарымызға дәріптеуіміз қажет. «Мәңгілікполк» шеруіне қатысушы халықтың қатары да жыл өткен сайын көбеюде. Бұлшеруді жылдан-жылға жалғастырып, ұмыт қалдырмауымыз керек – дейді, ШығысҚазақстан облыстық «Иртышский форпост» казактар қауымдастығыныңатаманы Александр ЯКОВЛЕВ.

Александр атаман киім киістерімен жүріс-тұрыстарына да қатысты пікірін білдіріп, былай деді: — Соғыста аталарымыз дәл осылай киінді депайта алмаймын. Мына біздердікіндей погон да таққан жоқ. Бірақ, бұлығы баршалбар, елтіріден тігілген бөрік немесе фуражка секілді казактарды білдіретінбелгілі бір киім кигені анық. Себебі бұл біздің әдет-құрпымызға деген құрмет.Өз мәдениетіміз. Сондықтан да біз осы дәстүрді жалғастырып келеміз.

Ауыздарынан Елбасы НұрсұлтанНАЗАРБАЕВТЫ тастамайтын облыс басшысы Даниал АХМЕТОВ қарамағындағылармен шеругебелсене қатысты. Облыс басшысының соңына тіпті дін өкілдері ілесе шығыпты. «За походы в Средней Азии 1853—1895»медаліндегі Георгий лентасын кеудесіне таққандар да аз болған жоқ. Осылайшабасқыншылар символикасы арқылы Өскемен «рухани жаңғырды».

Әскери әндер мен соғысжылдарындағы әуендерді орындай отырып, бір жарым шақырымдай жол жүргеншерушілер, Даңқ мемориалына келіп жеткенде театрландырылған қойылымдар қойылды.Аспанға бейбітшілік шарлары ұшырылды. Облыс әкімі Даниал Ахметов те дәл осыжерде жиналған халықты құттықтады.

— Құрметті жерлестер! Ардагерлер! Сіздерді елдік пен ерліктің мызғымас бірліктің мерекесі Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын! Бұл күн – аға ұрпақтың жүздеген ұлттың Отан қорғаудағы айнымас достығының дәлелі. Біз Ұлы қуаныш мерекесінде рухқа тағзым етіп, ортамыздағы ардагерлерге басымызды иеміз. Ұлы дала батырларының қайсар рухын халық болып ұлықтау біздің перзенттік парызымыз. Біз татулық пен адалдықты қадір тұтқан қаһарман елдің ұрпағымыз. Сондықтан бүгінгі бейбітшіліктің, тұрақтылықтың қадірін жете түсінуге тиіспіз. Қазақстаннан 1 миллион 300 мыңнан астам адам соғысқа шақыртылды. Солардың жартысы майдан даласынан елге оралмады. Ерлік көрсеткені үшін 497 адам Кеңес Одағының батыры атанды. Шығыс Қазақстаннан 180 000 адам майдан даласына аттанған. Олардың 83 мыңы қаза тапты. Ал 109 шығысқазақстандық Кеңес Одағының батыры атағын алған. Олардың арасында Ізғұтты Айтықов, Владимир Мызы, Төлеген Тоқтаров, Жанғазы Молдағалиев сынды жерлестеріміз бар. Қазақстанның халық қаһарманы, жазушы Қасым Қайсеновті қалай ұмытамыз.

Өткен жылы ғана батырымыздың туған өлкесінде 100 жылдығын құрметпен атап өттік. Елімізде тәуелсіздік алғаннан бері тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында тыныштық пен тұрақтылық орын алды. Бейбіт күнде өмір сүріп келеміз. Сіздерге зор құрмет көрсете отырып, сарқылмас ырыс пен бақытты өмір, зор денсаулық тілеймін –деді, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

Бұдан кейін өңір басшысыардагер ақсақалдар отырған орынға барып, әрқайсысының қолын алып құттықтап,алғысын айтты. Айтпақшы, шығыстың бас шаһарында өткен шеруге Үндістаннан келгенәскерилер де қатысты.

— Үнділік кадеттер үшін бұл үлкен мәртебе. Себебі, майданда қаза болған сарбаздарды олар қатты құрметтейді. Сондықтан да мұндай мерекелік шеруге қатысуға ықылас білдірді. Біздің Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті мен Үндістанның Ұлттық кадет корпусы арасында арнайы жасалған мемарандум бар.

Мақсаты екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, халықтар арасында мәдени ынтымақтастық орнату. Осы келісім бойынша біздің әскери кафедраға Үнді елінің кадет корпусынан делагация келді. Олар бір апта бойы Өскеменде болады. Бұған дейін біз де Үндістанға арнайы барып, ақын, ұлы ойшыл Рабиндранат Тагордың туған күніне орай өткен мәдени іс-шараға қатысып келген болатынбыз –дейді, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ әскери кафедрасының бастығы, полковник Олег МАНЦУРОВ.

Мәңгілік алауға гүл қойылды.Бір минуттық үнсіздік жарияланып, марқұмдарды еске алу рәсімі де жасалды. Соғысжылдарындағы техникалардың көрмесі ұйымдастырылып, келушілерге сарбаз ботқасыұсынылды.

Фотолар автордікі.

Тегтер: