9 наурыз күні жұмысқа шығуды заң көтермейді
Кешелі бері ПрезидентҚасым-Жомарт Тоқаевтың «мейрам күні жексенбіге сәйкес келсе, мемлекеттікқызметкерлер келесі дүйсенбі күні жұмысқа шығуы тиіс» деп Твиттерде жазған сөзі көп талқыға түсті.
Бүгін Мемлекеттікқызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті директорыныңорынбасары Думан Әбілев қазақстандықтардың 9 наурызда демалуына қатысты сұраққажауап берді.
«Сіздер Президенттің мереке күні демалыскүніне түссе, дүйсенбі мемлекеттік қызметкерлер үшін жұмыс күні болыпесептелетіні туралы тапсырма бергенін білесіздер. Мерекелер туралы заң бойынша,мереке күн демалыс күніне түссе, ол күн келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Бұлзаң барлық қазақстандыққа қатысты, бірақ мемлекеттік қызметкерлер үшін емесдеген еді Президент. Қазіргі уақытта премьер-министрдің кеңсесінде мүдделіоргандармен осы заң нормасы талқыланып жатыр.
Мен өз атымнан бұл норманың құқық қорғау органдарымен арнайы органдарға ғана қатысы бар болуы мүмкін екенін айта аламын. Біз — әкімшілік қызметкерлерміз. Бұл мемлекеттік қызметкерлердің белгілі біркатегорияларына ғана қатысты болуы мүмкін, мысалы, құқық қорғау органдарыныңқызметкерлері мереке күндері қоғамдық тәртіпті реттеу үшін жұмысқа шығуымүмкін. Тапсырма осы мақсатта берілген шығар», — деді Думан Әбілев.
Оның айтуынша, 9 наурыздақазақстандықтар демалады.
«Мемлекеттікқызметкерлер жұмысқа шығуы үшін мерекелер туралы заңға өзгерістер енгізукерек», — деді ол.
Ал бұл ретте «Жас Алаш» газетінің сайтына берген пікірінде заңгер Марғұлан Әскербекұлының айтуынша, биылша 9 наурыз күні мемлекеттік қызметкерлер де, басқа қазақстандықтар да демалуы тиіс.
«Себебі әлі „Мерекелер туралы“ заңға өзгерту енгізілген жоқ. Президент оны тек Твиттердегі парақшасында жазды. Сондықтан алдағы уақытта Үкіметке „мейрамкүні жексенбіге сәйкес келсе, мемлекеттік қызметшілер келесі дүйсенбі күні жұмысқа шығуы тиіс“ деген Президент тапсырмасын орындау үшін „Мерекелер туралы“ Заңға өзгеріс енгізу керек болады»,-дейді заңгер.