9 жылға сотталған Әжиев Қырғызстан түрмесінен тікұшақпен шыққан: Жапаров түсініктеме берді
Садыр Жапаров Даниэль Әжиевтің тікұшақпен түрмеден шығуы жайлы пікір білдірді.
Жапаров «Кабар» агенттігіне берген сұхбатында Ажиевтің анасы өзіне WhatsApp арқылы хабарласқанын айтты. Анасынан келген видеоүндеуде ол:
«Келінім төрт баламен өте қиын жағдайда өмір сүріп жатыр, олардың біреуі мүгедек. Ұлымды кешіріп, босатыңызшы. Ол енді тәртіпті болады, мен кепілдік беремін», - деп өтініш жасаған.
Жапаров өз сөзінде мейірімді адам ретінде оның сөзіне сеніп, Әжиевті кешіргенін және сол күні жеңіл қылмыс жасаған тағы 75 адамды да босатқанын жеткізді.
Президенттің айтуынша, Әжиевтің тікұшақпен ұшып кеткені туралы ақпарат түскен кезде ол дереу тікұшақты кері бұрып, бастапқы жерге қондыруды бұйырған. Әжиев үйіне көлікпен жеткізілген.
Садыр Жапаров Төтенше жағдайлар министрлігін кінәлеудің дұрыс еместігін атап өтті. Ол:
«Тікұшақтар тек төтенше жағдайларда ғана емес, коммерциялық тапсырыстарды да орындайды. Кім тапсырыс беріп, төлесе, сол адамға қызмет көрсетіледі. «Әжиевті түрмеден алып кетіңдер» деген нақты бұйрық болған жоқ», - деді.
Президент Әжиевтің әрекеті оны таңғалдырғанын жасырмады:
«Демек, мені алдап кеткен екен деп ойладым. Көп адам менің мейірімділігімді пайдаланады, бірақ бұл ұзаққа созылмайды. Жұмсақ адам қатал болса, бәрі басқаша болады», - деді Жапаров.
Еске салайық, 2024 жылдың күзінде Әжиев 9 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкін тәркілеу және айыппұл төлеуге сотталған. Оған питондар ұйымдастыру, порнография тарату және мүліктік залал келтіру сияқты қылмыстар тағылған. Сонымен қатар оған екі жыл бойы кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынған.