Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:27, 25 Желтоқсан 2020

96 жастағы балқаштық әжей Абай өлеңдерін жатқа біледі

None
None

Ғасырға жуық жасты еңсеріп отырған Рахила Ержанованың небәрі 5 сыныптық  білімі бар.

 Оқуды тастауына мектептегі қабілеті әсер етпеген. Керісінше, бала кезінде  ол зерек оқушылардың қатарында болған. Оның  еңбекке ерте араласуына заман қиындығы мен тұрмыс ауыртпашылығы әсер еткен.  Шынашақтай шағынан  кез келген жұмыстың тауқыметін  мойымай көтеріп,  абыроймен еңсерді.   Бой жетіп, кәмелеттік жасқа толғанда,  өзі қатарлас Тасаралдық жігітке тұрмысқа шықты.  Балқаш көлінің аясындағы аядай ауылда өмірлік жарымен жұптасып,  балық аулау кәсібімен  айналысқан.  Қолы қалт еткен кезде,  Абай поэзиясына бас қойған.

«Біздің заманымызда қара таныған әйелдер бірді-екілі болды.  Нәзік жандар  негізінен ертелі-кеш  үй шаруашылығымен айналысты. Осындай күйбін тірліктен қолым қалт еткен  шақта,  қазақ ақындарының шығармаларынан нәр алдым.  Кейін  көкейдегі  рухани сұранысым  сүйікті ермегіме айналды.  Көбіне-көп  Абай өлеңдеріне бойлағанды жаным қалады»,-кейуана. 

96 жастағы шежіре әженің қызы Баян Аяшбекова,  анасының хакім Абайдың  барлық  өлеңдерін жатқа білетінін мақтанышпен жеткізді.

Көру қабілетінің нашарлауына қарамастан,  қарт ананың оқуға ықыласы зор. Санасы ояу,  жады жүйрік қария құр қарап отырған жоқ.   Немерелері мен шөберелерін  кітап оқуға бағыттап,  әдебиетті сүюге құлшындырып отыр.

Тегтер: