Абаев Божко сөзіне байланысты: "Эмоцияға беріліп, айтып қойған сияқты"

06.09.2019, 09:00

21

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "халық көрсетілген көмек үшін мемлекетке тізерлеп алғыс айту керек" деп мәлімдеп, ізінше қоғам сынына ұшыраған мәжіліс депутаты Владимир Божконың сөзіне байланысты пікірін айтты.

«Менің ойымша, Владимир Карпович, эмоцияға беріліп, айтып қойған сияқты. Оның шын мәнінде не айтқысы келгенін бәріміз білеміз ғой. Мәселе сол баяғы біреуге иек арту туралы болып отыр. Тек дұрыс сөз таба алмаған… Өкінішке қарай, сол сөзінен кейін әлеуметтік желіде көп қолданушылар оны халыққа жаны ашымайды деп айыптады. Бірақ жағдайды оның ісіне қарап бағалап көрейікші. Қазақстанда көптеген құтқару операцияларына жеке өзі жетекшілік етіп, жүздеген адамдарды құтқарған адамда патриот сезімі жоқ деп айтуға болмайды ғой» деген Абаев.

Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко қыркүйектің 3-і күні Қазақстан халықтары ассамблеясының отырысынан кейін жергілікті Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында «Биліктің не істеп жатқанын көріп, түсіну керек. Үш жылдың ішінде әлеуметтік көмек 17 есе өскен. Осыдан-ақ түсінуге болады. Осы үшін мемлекетке тізерлеп, алғыс айту керек. Адам жұмыс істемейді, кейін „бұған бәрін бер“ деп шыға келеді. Ондай адамды „стойлоға“ (мал қорадағы орын — ред.) қоятын қоғам пікірі болу керек» деді.

Қарай отырыңыз: Қоғам ашуын тудырған Владимир Божко отставкаға кете ме?

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title="Қоғам ашуын тудырған Владимир Божко отставкаға кете ме?" data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Қоғам ашуын тудырған Владимир Божко отставкаға кете ме? please wait <video poster=«gdb.rferl.org/dff053c8-b0fa-4997-bbb7-bbe151c53f37_tv_w250_r1.jpg» src=«rferl-vh.akamaihd.net/i/Pangeavideo/2019/09/d/df/dff053c8-b0fa-4997-bbb7-bbe151c53f37,_mobile,,_hq,_fullhd,.mp4.csmil/master.m3u8» data-fallbacksrc=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/09/d/df/dff053c8-b0fa-4997-bbb7-bbe151c53f37.mp4» data-fallbacktype=«video/mp4» data-type=«application/x-mpegURL» data-info=«Auto» data-sources="[{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/09/d/df/dff053c8-b0fa-4997-bbb7-bbe151c53f37_manifest.mpd»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/09/d/df/dff053c8-b0fa-4997-bbb7-bbe151c53f37_manifest.mpd»,«Type»:«application/dash+xml»,«DataInfo»:«Auto»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/09/d/df/dff053c8-b0fa-4997-bbb7-bbe151c53f37_mobile.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/09/d/df/dff053c8-b0fa-4997-bbb7-bbe151c53f37_mobile.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«270p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/09/d/df/dff053c8-b0fa-4997-bbb7-bbe151c53f37.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/09/d/df/dff053c8-b0fa-4997-bbb7-bbe151c53f37.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«360p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/09/d/df/dff053c8-b0fa-4997-bbb7-bbe151c53f37_hq.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/09/d/df/dff053c8-b0fa-4997-bbb7-bbe151c53f37_hq.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«720p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/09/d/df/dff053c8-b0fa-4997-bbb7-bbe151c53f37_fullhd.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/09/d/df/dff053c8-b0fa-4997-bbb7-bbe151c53f37_fullhd.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«1080p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null}]" data-lt-on-play=«1» data-lt-url=«livetracker.rfe.pangea-cms.com/counter.lt?PageType=4&RecordId=30148318&SiteId=5&r=314004381&it=0&pd=20190905134300» webkit-playsinline=«webkit-playsinline» playsinline=«playsinline» style=«width:100%» title="Қоғам ашуын тудырған Владимир Божко отставкаға кете ме?"> Get Adobe Flash Player Embed Бөлісіңіз
Қоғам ашуын тудырған Владимир Божко отставкаға кете ме?
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly /> /> width /> px height /> px /> The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30148318.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:03:01 0:00 Жүктеп алу

Божконың бұл сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қыркүйектің 4-і күні Нұр-Сұлтанда бір топ әйел Ақорда маңына келіп, Божконың шығуын талап еткен. Олар «Божко көп балалы аналардан және халықтан сөзі үшін тізерлеп кешірім сұрасын және депутаттық қызметінен кетсін» деп талап қойған.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бұған дейін «екі сиыр» жайлы «сәтсіз мысал» келтіріп, қоғам сынына ұшыраған елдің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевты да қорғаштай сөйлеген.

Оқи отырыңыз: Абаев Назарбаевтың «екі сиырды» мысалға келтіруінің себебін «түсіндірді»

Ол мемлекеттік телеарналарға берген сұхбатында елдегі наразылықтарды жиі сынап, көп балалы аналардың талаптарын орынсыз деп атаған. 40 жастағы шенеуніктің сөздерін қоғам жиі сынайды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    09:56
  • "Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп
    21.11.2020, 11:05
  • Билбордтардан не пайда, жемқорлар саны азаймаса?
    21.11.2020, 10:52