Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:51, 12 Қараша 2019

Абаев: Көптеген ұлттар халқымыздың қамқорлығына бөленді

Елордада ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты" КеАҚбірлесіп, ұйымдастырған "Қазақстан этностары: еліміздің дамуына қосқанүлестері.

Біз біргеміз" атты республикалық ғылыми-практикалықконференциясы өтті. 

Іс-шараның осы тақырыпқа арналуы кездейсоқ емес. Өздеріңізгебелгілі, сын сағаттарда қазақ жерін паналап келген көптеген ұлт өкілдері біздіңхалқымыздың қамқорлығы мен мейірбандығына бөленді. Өз кезегінде, олар даеліміздің әлеуметтік, мәдени, экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосты, әлі деқоса береді деп сенемін. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көреген этносаралық саясатжүргізді. Ол әлемде теңдесі жоқ орган – Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды.Осылайша, біз – әр алуандығымызды артықшылығымызға айналдырдық, — деді ҚРАқпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

Жиын қатысушылары «Бір халық – бір ел – біртағдыр» қағидаты бойынша біріктіру факторларын іздестіру, тарихи сананықалыптастыру арқылы ұлттың бірегей кодын сақтау мәселелерін талқылады.

Іс-шара аясында "Қазақстан этностарының Қазақстанхалқының жалпы тарихи-мәдени мұрасына қосқан үлесін зерделеу" зерттеужұмысының нәтижелері ел дамуына елеулі үлес қосқан белгілі 50 тұлғаны қамтығанбірегей мәліметтер базасы таныстырылды.

Олардың арасында композитор, қазақ музыка өнерінің негізінқалаушылардың бірі, Қазақ КСР халық әртісі, профессор, КСРО және Қазақ КСРМемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан Республикасының алғашқыәнұранының әнін жазушылардың бірі Брусиловский Евгений Григорьевич, аңызғаайналған фольклорист, этнограф, композитор және Қазақ КСР халық әртісі, 2мыңнан астам қазақ әнін жинақтаған Затаевич Александр Викторович бар.

Сонымен қатар бұл тізімде ХХ ғасырдың басы мен ортасыныңмәдениет және қоғам қайраткерлерімен бірге Герольд Бельгер, Нина Патрушева,Анатолий Храпатый, Денис Тен және т.б. қатарлв қазіргі Қазақстанның дамуынаүлес қосқан қазақстандықтар да орын алған.

Біздің еліміз тәуелсіз ұлттық мемлекеттіліктің өзіндікүлгісін құра алды. Оның негізгі құрамдастары: патриотизм, этномәдени дәстүрлермен қоғамдық келісім құндылықтары деуге болады. Сондықтан «Руханижаңғыру» аясында жүзеге асырылатын осындай жобалар ұлттық бірліктінығайтуда ерекше маңызға ие. Біздің тарихи-мәдени мұрамыз – елде тұратын барлықэтностың ортақ рухани және зияткерлік үлесінің нәтижесі екенін нақты мысалдарарқылы көрсеткіміз келеді, — дейді «Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты"КеАҚ Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев.

Конференция жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасыныңорынбасары Жансейіт Түймебаев, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының директорыБүркітбай Аяған, ҚР БҒМ ҒК Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнологияинститутының директоры Зиябек Қабульдинов, тарих ғылымы және этнология,этносаралық қатынастар, саяси зерттеулер саласындағы жетекші мамандар,сондай-ақ мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Тегтер: