Абаев Назарбаевтың "екі сиырды" мысалға келтіруінің себебін "түсіндірді"

30.08.2019, 22:00

8

29 тамызда ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев өткен аптада қоғамда қызу талқыланған елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «екі сиыр» жайлы айтқан сөзінебайланысты пікірін айтты. 21 тамызда «Нұр Отан» партиясының саяси кеңес отырысы кезінде Назарбаевтың айтқан сөзі әлеуметтік желіде қатты талқыланып, ол жайлы түрлі мем, мысқылдар пайда болған еді.

«Шынымды айтсам, не үшін байбалам салып жатқанын түсінбеймін. Егер Елбасы „еңбек етпей, көлшіктен балық та ұстай алмайсың“ (»без труда, не выловишь рыбку из пруда") деп мақал айтқан болса ше? Сонда әлеуметтік желілер қармақ пен құрт туралы суреттерге толып кете ме? Екі сиырды ақпаратты жеңіл қорыту үшін айтқаны — айдан анық нәрсе" деді Абаев. Министр бұл сөзін мемлекеттік «Хабар» телеарнасына берген сұхбаты кезінде айтқан.

Әлеуметтік желілердегі мысқыл суреттерді меңзеген министр президенттің ауылда туып-өскенін айтып, «оған сиырдың не екенін және оның қанша сүт беретінін айтып түсіндірудің қажеті жоқ» деген. Ол «екі сиыр» мысалын келтіру арқылы президенттің азаматтарды өз күшіне сенуге, қол қусырып отырмай, жұмыс істеуге шақырғысы келгенін айтып өткен.

Өткен аптада «Нұр Отан» партиясының саяси кеңес отырысында елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев көп балалы отбасылар мен шетелден келген қазақтарды «биліктен көмек сұрай береді» деп сөккен еді. Ізінше «жұмыс жоқ па, шағын кредит ал. Екі сиыр сатып ал да, өзіңді асыра» деп ақыл айтқан. Назарбаевтың «екі сиыр сатып ал» деген сөзі қоғамда үлкен талқы туғызды.

Қазақстанда Назарбаевтың «екі сиыр» жайлы сөзі талқыланып жатқан тұста оның ортаншы қызы Динара Құлыбаеваның Швейцариядағы Бельрив қамалын 62 миллион франкқа (шамамен 63,5 миллион доллар) сатып алғаны туралы ақпарат пайда болды. Динара Құлыбаева және оның күйеуі Тимур Құлыбаев «АЛМЭКС» компаниясы арқылы елдегі Халық банкін басқарады. Америкалық Forbes журналы 2018 жылы ерлі-зайыптылардың байлығын 6,4 милииард долларға бағалаған.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27