Абай-175: Абайдың қасиетті домбырасын аяқ астына салу – рухани қылмыс

08.05.2020, 17:46

44

Кеше «Жас Алаштың» сайтына  Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында Ұлы Абайтойына дайындықтың жолға домбыра төсеуден басталып жатқанын баяндаған мақала жарықкөрді. Мақалада Шығыс Қазақстандағы тілшіміз: «Бояушыбояушы дегенге сақалын бояйды» деген мәтелдің мәнісін Абайдың 175 жылдығындажергілікті шенеуніктер «дәлелдеп» шыға келді. Анығын айтқанда, ақынның кіндікқаны тамған – Сыртқасқабұлақтың тұсында қазір жаңаша бір архитектуралық құрылысқызу қолға алыныпты. Осыдан біраз күн бұрын әлеуметтік желілерде әлдебіразаматтың сол жерде қандай жұмыстар жасалып жатқанын түсірген видеосы тарапкетті. Видеода түсіріп жүрген жігіт бұл жерде ақынның шығармашылық өмірінен сыршертетін қандай мәдени нысандар көрініс беретінін беріле баяндайды»,- дейді.

Бірден назарымызды аударған бейнежазбаны көріп шықтық. Бейнежазбадакөрсетілгеніндей әдейілеп топырақ үйіліп, брусчаткалардан жол төселген.Сорақысы сол, бұл құрылыс материалы жай ғана төселмей, Абайдың үш ішектідомбырасының бейнесін құрайды екен. Ондағы үш қатар қызыл түспен жүргізілгенбрусчаткалар домбыраның үш шегін көрсетсе, тоғыз қатар көлденең төселген сұртастар пернелердің ретін айқындайды. Осы бетпен жетелеген жол алаңға келіптіреледі. Сөйтсек, бұл алаң емес, сары түске енген әлгі «домбыраның» шанағыекен. Одан арырақта егілген талдар сап түзей бастаған. Жолдың екі жағынаАбайдың үш тілде жазылған 45 нақыл сөзі бедерленген мәрмар тастар орнатылатынкөрінеді.

Бұл жобаның қайдан шыққанын тілшіміз егжей тегжейлі жазған. Ол мақаланы мына жерден оқи аласыздар.

 Ал қазір осы творчествалық құрылыс жұмысын Абайауданындағы көзіқарақты азаматтар да, Абайтанушылар да аса қолдап отырған жоқ. Өңірдегіақсақалдардың айтуынша,  Абайдың үшішекті домбырасын аяқ астына төсеу  нағызмасқара (!).

Талдап көрсек, негізінде қазақдомыраны қатты қастерлеген, «нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра»дегенді де біз жастайымыздан құлағымызға сіңіріп өстік. Осы орайда айтарымыз, біріншіден, домбыра қазақтың – шер қозғауышы.  Мысалы: қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау,жұбату жанрына жататын күйлер тек қана азалы оқиғаларда орындалатын. ТөлегенМомбековтың қайтыс болған әйеліне арналған «Салтанат» жоқтау күйі, МахамбеттіңЖұмыр мен Қылыш батырлардың патша әкімшілігінен қинап өлгені туралы«Жұмыр-Қылыш» атты күйі жәнеде Тәттімбеттің Кенесары ханның қаза болғанынаарнайы шығарылған «Азына» атты жоқтау күйлері қазақ халықтың шерін қозғалтатынкүйлер.  Екіншіден, домбыра – жан арашашысы.  Домбыра шерту қабілетінің арқасында адамныңөмірін сақтап қалуы қазақ даласына тән оқиға. Кетбұға күйшісі өзінің «Нарату»мен күйімен қазақ даласына танымал болған. «Ақсақ құлан» күйінің жаралуәпсанасы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы құлан аулауға шыққаннан басын алады. Аулаукезеңінде абай болмаған Жошы жазым болды. Жошының қайтыс болғанын әкесінехабарлауды ешкімнің батылы жетпегендіктен Кетбұға атты ұлы күйші қолына домбыраұстап «Ақсақ құлан» күйін ойнап, өмірін сақтап қалды.Үшіншіден, домбыра –тарих жалғастырушы.  Мысалы, Асанқайғының«Ел айырылған», «Асанқайғы», «Желмаяның жүрісі», «Зар» деген күйлер жетті.Бөкей ордасындағы көтерілісі туралы Құрманғазы Сағырбайұлының «Кішкентай» күйі,Патшалық Ресейдің қазақ жерінің колонизациялауы жайындағы Тәттімбеттің«Сарыжайлау», «Көкейкесті» атты күйлері де тарихи маңызы бар күйлер депесептеледі.     Төртіншіден,  домбыра – дәстүрді сақтаушы. Домбыра шертуөнері мен ақындық өнер әкесінен балаға көп өтіп, қазақ даласында күйшілердинастияларын жарыққа шығарды. Міне, осы жайттарды ескерсек, домбыраның қазақтыңтағдырында алатын орны ерекше екенін байқаймыз.

Жалпы, осы уақытқадейін қай өңірде ата-бабамыздың, сал-серіміздің, ақындарымыздың домбырасы неболмаса басқа да құнды заттары аяқтың астына төселіп, «творчествалық құрылыс» салынып еді?! Қанша жерден теңдессіз жоба десе де, аяқтың астына төселгенненкейін оның не қадірі қалады?! Келіп-кетушілер аяғымен таптап, қоқысын тастап, қақырып-түкіріп тазалық жағы ақсап жатса, бұл бабамыздың домбырасын қорлаған емей немене?!

Бұған қатыстыбелгілі   өнертаушы,әнші-этнограф Ерлан Төлеутай Шығыстағы тілшімізге берген пікірінде «Абайдыңкіндікқаны тамған жерде оның домбырасын жолға төсеп көрсету көңілге қонбағаныбылай тұрсын, өрескел қателік. Домбыра – Абайдың ғана емес, күллі қазақтыңжаны, ұлттық өнерінің кілті. Қандай ойға сүйеніп жасап жатқанын білмеймін,бірақ, есі түзу елде ұлттық музыкалық аспабына ескерткішті тік қояды. Оны«дорожкаға» айналдырмайды. Домбырасы бар кез келген үйге кіріңіз, төрдегіқабырғада тігінен ілініп тұрғанын көресіз. Қалай десек те жергілікті биліктіңхалықпен ақылдаспай істеген дүниесінде мән болмайды»,- деген екен.

Рас, сөздің ақиқаты осы. Қазақ ұлттының мұң-мұқтажын жеткізген  домбырасын төріне іліп әспеттеген. Дұшпанынабесіктегі баласы мен қолындағы қаруын, төріндегі домбырасын ұстатпаған. Ал Шығыс Қазақстаноблысының атқарушы билігі Абайдың тойын желеу етіп, қазақтың бас ақыныныңдомбырасын аяқты астына жол етіп тастауы бұл – рухани қылмыс. Осындай  әрекет – бүгінгі ұрпақтың санасына «домбыраныосылай да таптауға болады екен» деген ой тудырмасына кім кепіл?!

Жалпы, Ұлы ақынның 175 жылдығына санаулы айлар ғана қалды. Қазір жұмыстың наққызып тұрған шағы екені де түсінікті. Осыған орай Шығыстың әкімі Ахметовмырза  «креатив» жасағысы келетін дешығар. Бірақ жергілікті биліктің  қазақтың бас ақынының домбырасын жолға төсеп қоюуын  кез келген "қаны қазақпын" деген адам  қолдамасы анық. Сондықтан бұл мәселегеруханиятқа жаны ашитын шенеуніктер мен қоса  еліміздің  Мәдениет және спорт министрі  Ақтоты Райымқұлова бей-жай қарамайды депсенеміз...

Қайрат МАТРЕЕКЕВ,

«Жас Алаш»

(Домбыраны жерге төсеу «творчестволық құрылысының» видеосын қайтара салуды жөн көрдік).   

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Мұғалімдер vs Кітапханашылар: Аймағамбетов кім жағына шығады?
    10:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26