Абай – 175: «Домбыра жолға төселді» деп, біржақты қарауға болмайды»

12.05.2020, 06:19

70

«Жас Алаш» газетінің сайтында 7 мамыр күні «Абай– 175: Тойға дайындық жолға домбыра төсеуден басталды» атты мақала жарияланған болатын.  Мақалада ақынның кіндік қаны тамған жері Сыртқасқабұлақта салынып жатқанкешен құрылысын түсірген жігіттің видеосында Абайдың үш ішекті домбырасының  брусчаткалардан өріліп, жолға бейнеленгенібаяндалған болатын. 

Сайтта жарияланған бұл мақала әлеуметтік желілерарқылы тараған бетте жұрт назарын бірден аударды. Ел ішіндегі азаматтарданбастап, белгілі өнер қайраткерлері де Абайдың үш ішекті домбырасының құрылысматериалынан құрастырылып, жолға төселгені ұлт руханиятына жасалған қиянатекенін айтып үн қосты.

Сәйкестіктіқарасаңызшы, дәл сол 7 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал АхметовШыңғыстауға сапар шегіп, Абай еліндегі ақын тойына әзірлікпен танысты. Облысәкімі бұл сапары туралы әлеуметтік желідегі парақшасында тойға дайындықбарысынан біраз да болса хабардар етіпті. «Жидебайдағымемориалдық кешенде де ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Біз оны түбегейліжаңартсақ та, тарихи, сәулеттік келбетін сақтаймыз. Абаттандырып, жарықтандыружүргіземіз. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Абайдың 175жылдығын тойлау біздің дәстүрімізге деген құрмет көрсету, сонымен қатарпрагматизмді сақтау. Яғни барлық іс адамдардың мүдделеріне жауап беруі тиіс.Сондықтан мұнда халық ақынның шығармашылығымен танысып қана қоймай, жақсыдемалып, өлке, Отан тарихын зерттеуге мүмкіндік алады», – деп жазды ДаниалАхметов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
⠀Дегенмен жоғарыда аталған мақаламызға қайта оралып, Сыртқасқабұлақтағыкешен құрылысын тағы бір екшеп көрелік. Қазіргі күнде бұл төңіректе ауқымдыжұмыстар атқарылып жатқанын ешкім де жоққа шығармайды. Алайда құрылыс макетінде,жалпы, кешен аумағының домбыра пішіндес болып жасалғаны көпшіліктің қызупікірталасын туғызды. Олардың дені ұлттық құндылығымыз саналатын домбыраға,анығырақ айтқанда Абайдың үш ішекті домбырасына, жеке ескерткіш қойылмай,төселген жолдан көрініс бергеніне наразы. Мәселен, белгілі өнертанушы-этнограф,дәстүрлі әнші Ерлан Төлеутайдың пікірінше, домбыраны аяқасты етіп жолға төсеуүлкен қателік. Кешен Абай тойына байланысты салынып, бұлақ басы абаттандырылыпжатқандықтан, алдымен мәдениет пен руханияттағы белгілі тұлғалардың даталқысынан өтуі тиіс еді.

 – Домбыра – Абайдың ғана емес, күллі қазақтың жаны, ұлттық өнерініңкілті. Қандай ойға сүйеніп жасап жатқанын білмеймін, бірақ есі түзу елде ұлттықмузыкалық аспабына ескерткішті тік қояды. Оны «дорожкаға» айналдырмайды.Домбырасы бар кез келген үйге кіріңіз, төрдегі қабырғада тігінен ілініптұрғанын көресіз.

     Шынымды айтсам, мен Қасқабұлақтың сол баяғыеш өзгеріссіз, «жабайы» жатқанын арман етуші едім. Өйткені Абай заманыныңтынысын сезінгендей боламын. Мысалы, Египетте пирамидалар сол перғауындардәуірінен бері тарихи қалпын сақтап бүгінге жетіп отыр. Ол жерде ешқандайқұрылыс жүргізілген жоқ. Ал бұл жерде… Реконструкцияны желеу етіп, ақшаныжаңбыр суына ағызып жіберу жүріп жатқан сияқты. Қазір елдің өткенін екшеп,билікті санастыратын айбарлы ақсақалдардың да көзі кетті. Төкен Ибрагимов,Бекен Исабаев сияқты ел ішіндегі шежіре қарттардың көзі кеткен соң, мұндайқадамға бару руханиятымыздың құлдырап бара жатқанын көрсетеді, – деп қынжыладыЕрлан Төлеутай.

 Алосы құрылыс барысын видеодан көргеннен намысқа тиетін жайға куә болғанынжасырмаған «Абыралы–Дегелең» қоғамдық қорының мүшесі, әкімдік қызметте жауаптықызметтер атқарған Сүлеймен Медеуовтің пікірінше, эпик ақын Шәкір Әбеновтің, әндүлділі Жәнібек Кәрменовтің атын әуелеткен домбыраға мұндай «құрмет» көрсету ешақылға сыймайтын іс.

«Басшылыққызметтегі шенеуніктер ел ағаларымен ақылдаспай, ұлттық құндылықты осылайұғатын болса, ертең ақын тойына келетін қонақтарға не деп түсіндіріп бермек?Міне, мынау Абай домбырасы еді, аяқ астына төсеп бейнелегенді дұрыскөрдік  демек пе?» – дейді С.Медеуов.

Тойға дайындықбарысы жолға «домбыра төсеуден басталғанын» баяндаған мақаланы оқып, көңіліқұлазыған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері РамазанСтамғазиев те мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып, планета адамдарының қатарында дәріптелгенАбайдың туған жерінде мұндай құрылыстың еш талқысыз жүргені қисынға келмейтініс деген пікірде.

– Қазақ үшінкөнеден келе жатқан ұлттық тәрбиенің қайнар көзі – қобыз бен домбыра. Кешенқұрылысы қандай заңдылыққа сүйеніп жасалғанын білмеймін, бірақ домбыраны осындажетелеп келетін жолға төсеп бейнелеу ұят жағдай. Ел назарында жүрген өнерадамдарының, абайтанушы ғалымдардың ой-пікірін сұрамай, жергілікті атқарушыбилік өз композициясын жүзеге асырса, онда біздің Абай мұрасын, әндерін дәріптеуімізаудандық деңгейдегі шенеуніктердің өлшемімен қарастырылғаны ма? Аудан тұрмақ,күллі қазақтың аясынан шығып, әлем таныған Абайымыздың тойына дайындық туғанжерінде осылай қолға алынса, не айтарымды білмеймін, – дейді әнші РамазанСтамғазиев.

 Ал ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреатыТыныштықбек Әбдікәкімов «Жас Алашта» жарық көрген мақалада айтылған жайлартуралы өзгеше пайымдайтынын білдірді.

  –Кешелі бері әлемжеліде «Сыртқасқабұлақта Абайдың үш ішекті домбырасының сұлба-суретінаяққа төсетіп қоятын жоба іске асуда» деген реніш естіліп жатыр. Былайқарасаңыз, әрине, ол шешімнің өзі де идиотизм сияқты. Бірақ біз мына жағдайды да ескеруіміз керек. Мәселен, Жердегеніңіздің өзі – көркем философиялық тұрғыда да, шын өмірде де Ана. Оғанешкімнің дауы жоқ. Сол себепті оны да аяқпен таптауға болмайды. Жә, солай екендеп, біз кен іздемей, ішіп-жемей, қоқысымызды төкпей, моламызды тұрғызбай,әуеде қалықтап жүре алмаймыз ғой. Демек, аталмыш жоба да дұрыс шаруа. Ол да Жер-Ананыңалақанында орналасады. Сол жоба бойынша біз сол кепиетті өңірге жолымыз түсе қалғанда, кемеңгердіңдомбырасының қасиетін табанымызбен де сезіне, тиегі мен құлағына тәу ете, оныңайналасындағы қырық бес тасқа қашала өрнектелген «Қара сөздердегі» даналықтыңлебін де санамызбен бек сіңіре, бір сәт ел болашағы мен руханият туралы да ойғашома аяңдай басып, Қасқабұлақтың кәусарынан қара өлеңнің де нәрін татып алмаққабара жатамыз, – дейді Т.Әбдікәкімов.

 Тоқсан ауыз сөздіңтобықтай түйіні – бәрібір де қажет болғандықтан, осы даулы пікір, күмәндікөзқарастың туындауына түрткі болған Сыртқасқабұлақтағы кешен құрылысына орай,Абай ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Смағұловқа хабарластық.

– Біз ақын тойына бейжай қарап кіріскеніміз жоқ. Рас, тойсалтанаты Сыртқасқабұлақтан бастау алады. Жалпы аумағы 1,2 гектар жерабаттандырылып, жол төселіп, өзге де кешендік құрылыстар жүріп жатыр. «Домбыражолға төселді» деп, біржақты қарауға болмайды. Бұл жерге келген қандай адамболсын әдемі көріністердің куәгері болады деп ойлаймын. Бұрын бұлақ басы сиырөрісі болатын. Қазір толықтай тазартылып, 750 шаршы метр жер қоршалды. 50 млнтеңге қаражат қоршау, абаттандыру жұмыстарына бөлінсе, 42 млн теңге асфальттөсеуге бөлініп отыр. Домбыра формасына негізделгенімен, мұның жалпы көрінісіАбайдың «Туғанда дүние есігін ашады өлең» атты туындысына сәйкес жасалып отыр. Бұлжоба жұмысы аудандық деңгейде қарастырылды, халықтың хабары бар. Абайдың 45нақыл сөзі бедерленіп жазылады. Ағаштар отырғызылып, саябаққа айналдыруды қолғаалдық. Сыртқасқабұлақтағы саябақты күтіп-баптау Қасқабұлақ ауылдық округініңбалансына өтеді. Одан өзге, Жидебайдағы Абай мен Шәкәрім кесенесі жөнделуде,Құнанбай әулетінің қорымы жаңартылып, музей құрылысы жанданып жатыр. Барлықжұмыстар ретімен орындалып жатыр, – дейді Мейіржан Серікболсынұлы.

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ,

Шығыс Қазақстан облысы


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 12:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 15:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 15:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Мұғалімдер vs Кітапханашылар: Аймағамбетов кім жағына шығады?
    01.12.2020, 10:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26