Абай-175: тойға дайындық жолға домбыра төсеуден басталды (видео)

07.05.2020, 13:26

48

«Бояушы бояушыдегенге сақалын бояйды» деген мәтелдің мәнісін Абайдың 175 жылдығындажергілікті шенеуніктер «дәлелдеп» шыға келді. Анығын айтқанда, ақынның кіндікқаны тамған – Сыртқасқабұлақтың тұсында қазір жаңаша бір архитектуралық құрылысқызу қолға алыныпты. Осыдан біраз күн бұрын әлеуметтік желілерде әлдебіразаматтың сол жерде қандай жұмыстар жасалып жатқанын түсірген видеосы тарапкетті. Видеода түсіріп жүрген жігіт бұл жерде ақынның шығармашылық өмірінен сыршертетін қандай мәдени нысандар көрініс беретінін беріле баяндайды.

 Беймәлім азаматтың сөзіне сүйенсек,бейнежазбада көрсетілгеніндей әдейілеп топырақ үйіліп, брусчаткалардан жолтөселген. Сорақысы сол, бұл құрылыс материалы жай ғана төселмей, Абайдың үш ішектідомбырасының бейнесін құрайды екен. Яғни, үш қатар қызыл түспен жүргізілгенбрусчаткалар домбыраның үш шегін көрсетсе, тоғыз қатар көлденең төселген сұртастар пернелердің ретін айқындайды. Осы бетпен жетелеген жол алаңға келіптіреледі. Сөйтсек, бұл алаң емес, сары түске енген әлгі «домбыраның» шанағыекен. Одан арырақта егілген талдар сап түзей бастаған. Жолдың екі жағынаАбайдың үш тілде жазылған 45 нақыл сөзі бедерленген мәрмар тастар орнатылатынкөрінеді.

    

    «Сорақы жобақайдан шыққан?»..

    Осындай«жаңалығымен» бөліскен азаматтың сөз ыңғайынан ауылдың аңқау қазағы екеніаңғарылады. Әйтпесе, көзіқарақты, Абай өмірі мен шығармашылығынан хабары барадам болса, оның қайталанбас әндері шырқалған қасиетті үш шекті домбырасының кейпіаяқ астына төсейтін брусчаткалардың «өрнегіне» айналып кеткеніне күйініп,атқарылып жатқан жұмыстың жағдайын басқаша баяндар еді деген ой келді. Сөйтсек,бұл видеоны ел ішіндегі бірқатар азаматтар көріп үлгерген екен. Бірінші болыпхабарласқан, кезінде әкімшілік жүйеде көптеген басшылық қызметтер атқарған,зейнет жасына шықса да қоғамдық істерге үнемі сергек қарайтын,«Абыралы-Дегелең» қоғамдық қорының белсенді мүшесі Сүлеймен Медеуов болды.

— Мен мындағы көріністі көргенде өз көзіме өзім сенбей,бірнеше рет қарап шықтым. Басқа жұмыстары жөн шығар, ал, бірақ, аяқ астынатөсейтін құрылыс материалынан Абайдың үш ішекті домбырасын бейнелеуі немасқара?! Бұл сорақы жоба қайдан шыққан?! Қызылордада Қорқыт бабамыздыңқобызына қойған ескерткіш сияқты жеке орнатуға болмады ма?! Шынымды айтсам,бұған ел ішіндегі азамат ретінде намысым келіп отыр. Бүкіл қазақтың маңдайғабасып мақтан еткен Абайымызға құрметтің туған жеріндегі сиқы осы болса, сөзімжоқ. Қасиетті Шыңғыстаудан күні кеше Абай, Шәкәрімнен бері Шәкір Әбенов, ЖәнібекКәрменов сияқты таланттар да домбырасымен қазақ өнерінде өз қолтаңбасынқалдырды ғой. Басшылық қызметтегі шенеуніктер ел ағаларымен ақылдаспай, ұлттыққұндылықты осылай ұғатын болса, ертең ақын тойына келетін қонақтарға не дептүсіндіріп бермек? Міне, мынау, Абай домбырасы еді, аяқ астына төсепбейнелегенді дұрыс көрдік  демекпе?-дейді С. Медеуов.


   «Айбар боларақсақалдардың да көзі кетті»

   Белгілі өнертаушы,әнші-этнограф Ерлан Төлеутай ағамыз да бейжай қарай алмайтындығын байқатты.

-Абайдың кіндікқаны тамған жерде оның домбырасын жолғатөсеп көрсету көңілге қонбағаны былай тұрсын, өрескел қателік. Домбыра – Абайдыңғана емес, күллі қазақтың жаны, ұлттық өнерінің кілті. Қандай ойға сүйеніпжасап жатқанын білмеймін, бірақ, есі түзу елде ұлттық музыкалық аспабынаескерткішті тік қояды. Оны «дорожкаға» айналдырмайды. Домбырасы бар кез келгенүйге кіріңіз, төрдегі қабырғада тігінен ілініп тұрғанын көресіз. Қалай десек тежергілікті биліктің халықпен ақылдаспай істеген дүниесінде мән болмайды.Домбыраның орнына оюлы текеметті бейнелеуге болмас па еді?!.. «Алма ағаштыңгүліндей-ау, Текеметтің түріндей-ау. Өтіп дәурен бара жатыр, Сіз бен бізгебілінбей-ау» демей ме халық әні «Дедім-ай, ау»… Күні ертең той қонақтары осыән арқылы дала философиясын түсініп қайтар еді. Шынымды айтсам, менҚасқабұлақтың сол баяғы еш өзгеріссіз, «жабайы» жатқанын арман етуші едім.Өйткені, Абай заманының тынысын сезінгендей болатынмын. Мысалы, Египеттепирамидалар сол перғауындар дәуірінен бері тарихи қалпын сақтаған қалпы бүгінгежетіп отыр. Ол жерде ешқандай құрылыс жүргізілген жоқ. Есесіне, мыңдағантуристер жыл сайын ағылып, тамашалайтын мәдени орын ретінде даңқы шықты. Ал,бұл жерде… Реконструкцияны желеу етіп, ақшаны жаңбыр суына ағызып жіберужүріп жатқан сияқты. Қазір елдің өткенін екшеп, билікті санастыратын айбарлыақсақалдардың да көзі кетті. Төкен Ибрагимов, Бекен Исабаев сияқты ел ішіндегішежіре қарттардың көзі кеткен соң, мұндай қадамға бару руханиятымыздың құлдырапбара жатқанын көрсетеді,-деп қынжылады Ерлан Төлеутай.

   Ән дүлділініңайтуынша, мұндай жобалар алдымен ғылыми негізге сүйенуі тиіс. Яғни, Абайдың 175жылдығы болғандықтан, Ғылым академиясы, Жазушылар Одағы сияқты шығармашылықорталықтың назарына ұсынып, сол негізде шығарылған қорытынды бағытқа алынуыкерек еді. Өкінішке қарай, жергілікті атқарушы биліктің өз «идеясының»соқпағында кеткен көрінісі осы болды.


«Бауырым мұның бәрі саясаттан...»

     Мақаланыәзірлеу барысында ақын Қайырбек Шағырдың ән атасы – Әміре туралы «Ұлы тенор» поэмасындағы мына шумақтар ойғаорала берді:

Жұрт көрер  көк тіреген зорды ғана,

Бір арманкөкейіме қонды жаңа:

Қазағым орнатсағой ордасында

Осындай бірескерткіш домбыраға.


Ойына оралды маөткен ісі,

Ел десе қанжылайтын көптен іші.

Жалт етіпӘміреге қарай қалды,

Тұранның қамынжеген көкбөрісі:


-Бұл сөзің ұлтісіне үн қосқандық,

Демеңдерөркендеуден тым бос қалдық.

Домбыра аспантіреп тұру үшін.

Алашым алу керекшын бостандық.

Тарихтакедейлерге май асатқан

Талайлар уәдедентая сатқан.

Абай бол, осысөзді сақтап еске,

Бауырым, мұның бәрі саясаттан...

Әйгілі МұстафаШоқайдың Әміремен Парижде кездесуде айтқан сөзін шығарма авторы осылайжеткізген екен. Қай жолына қарасақ та қасиетті домбыраның күндердің күніндеаяқасты болатынын меңзеп тұрғандай.

   Р.С: «Бәрін дебіржақты баяндағандай болмайық» деген оймен Абай ауданы әкімдігіне де қоңыраушалғанбыз. Брусчаткадан Абай домбырасын бейнелеу кімнің идеясы және оны қайфирма салып жатқанын білуге қанша ұмтылсақ та анықтау қиынға түсті. Абайдыңдомбырасын қор еткен жұмысқа жауапты атқамінерлердің атын атап, жергеқаратпай-ақ қоялық. Алайда кез келген мәселеге байыппен қарап, сабырменқабылдайтын  аудан әкімі ЖарқынбекБайсабыровтың ақын ауылының кіндік қаны тамған жердегі олқылықтан «бейхабарқалғанына» бейжай қарап отыра алмадық.

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, 

Шығыс Қазақстан облысы 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35