«Абай аренаға» Абайдың аты берілмей қалды

15.12.2019, 09:46

30

Бүгін Үкімет басшысының орынбасары-Қаржы министрі ӘлиханСмайылов Семейге жұмыс сапарымен келіп, жаңадан бой көтерген «Қарағайлы»ықшамауданында болды. Вице-премьердің келуіне орай, ШҚО әкімі Даниал Ахметов,Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов бірден қасынан табылып, алдымен осы аудандакөп балалы аналарға берілетін пәтер кілттерін табыс етуге қатыстырды.

Смайловтың «Қарағайлыға» келуі

Одан кейін Смайыловты «Қарағайлы» ауданында ашылусалтанатының жаңғырығы алты ай бұрын естілген мәдени-спорттық кешенгекернейлетіп, сырнайлатып уақытынан бұрын алып барды. Тап осы сәтте ғимаратқа біркіріп, бір шығып жүрген адамдар қарасын баққан полицейлер мен күзетшілер бір біріненұсқау беріп, «Кіргізіңдер, аналарды бері шақыр», деп жайылып кеткен жұртты қорағақой қамағандай әрең жинап үлгеріп, ішке жағалай лап қойды. Әдетте жоғарыданкісі келгенде қала әкімі Е.Сәлімов пен облыс әкімі Д.Ахметов қана көрінетін «ұлықтаршеруінен» бұл жолы ШҚО әкімінің орынбасары Б.Баяхметовті, Өскемен қаласыныңәкімі Ж.Омарды, сонымен қатар Абай, Аягөз, Тарбағатай, Көкпекті, Үржар, Күршімаудандарының әкімдерін көзіміз шалды. Кейін анықтағанымыздай, облыстағы үшқала, оннан астам аудан басшылары нөкерлерімен қоса келген екен. Шендібіткеннің бәрі бір күнде Семейге ағылуы «Абай-арена» мәдени-спорттық кешенініңашылуына қатысты екендігіне ешкімнің күмәні болған жоқ.


Алайда, Әлихан Смайыловқа әмбебап кешен ішін облыс әкіміД. Ахметов алдымен асықпай түгел аралатып шықты. БАҚ өкілдері де әрбір сәтін қалтжібермеуге тырысып, біресе ана жағына, біресе мына жағына шығып, суретке,камераға түсіріп, естері қалған жоқ. Мәдени-спорттық кешен ішінің расында дааумағы өте үлкен. Үш қабатты, дөңгелек пішінді зәулім ғимарат ішін аралайжүріп, бірде бассейнді көрген ұлықтар одан кейін балалардың ойын алаңын, соңғыүлгідегі спорттық жаттығу алаңдарын, қала тұрғындарының қыдырыстап келетінбөліктермен танысып шықты. Таныстырып, түпкілікті түсіндірген – осы нысанқұрылысына басты жауапты компания басшысы, «Азия» ЖШС директоры Сәуле ДОСҚОЖАНОВА.

Сонымен түскі сағат 12-ге белгіленген сәт те келіп жетті.5 мың адамға арналған Мәдени-спорттық кешен ішіндегі алып стадион ішіқарарқұрым халыққа лық толы. Көбі қолдарына көк жалауша ұстап мәз-майрамстуденттер, алабажақ киімдегі өнер ұжымдары, мұғалімдер.

Кешен стадионындағы салтанат алдымен аты беймәлімшетелдік жас әншілердің даңғаза әуенімен басталды. Одан соң «Гүл-әпшемді»жаңғыртып «Алау» тобы көрінді. Олардың ізін ала жергілікті Ә.Қашаубаев атындағыСемей филармониясының құрамына енген жергілікті әртістер сахналық көрініспеналға шықты. Мемлекеттік әнұран орындалған сәтте орындарынан тұрған халықтыартынша «Азия» ЖШС директоры Досқожанова Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Қызығысол, құттықтап тұрып, кешеннің ашылуына орай жасалған кілтті қала әкімі ЕрмакСәлімовтің қолына ұстатты.

ҰлықтарАбайдан айналып қашқан күн

Қала әкімі қолына кілтті ұстаған сәтте жағалай қоршағанжұрт нысан атауын демдерін ішіне тарта күтті.  Бірақ, әкімнің шыққанынан сахнадан кеткені тезболды. «Ардақты ағайын, қаламыз көркейе берсін. Мереке құтты болсын», деп айтыпүлгерген қала басшысы асыға аяңдап, келесі кезекте шығатын вице премьер Смайыловқажол берді.


«Бәлкім, осы кешеннің ресми түрде «Абай -арена» аталарсәті енді келген шығар» деп асыға күтті жұрт. Маңғаздана басып келіп,айналасына масаттана қараған Смайылов та Абай туралы айтуға асықпады. Жергіліктішенділер жолына жағалай жығылған үкімет басшысы орынбасарының сөзі «Елбасыныңсарабдал саясатының арқасында тәуелсіз еліміз қалыптасып, шекарамыз шегенделгенін»түсіндіріп, миллиардтаған инвестиция келгенін түсіндіруден ары ұзаған жоқ. Тексөз арасында ғана алдағы жылы Абайдың 175 жылдығы келе жатқандықтан, осы кешентарту етілгендігін тілге тиек етіп өтті. Алайда, жыл басынан бері жұрт құлағынажылы естіліп, айтуға да ауыз үйрене бастаған жаңа нысанның  «Абай-арена» екендігін ресми түрде айтуданат-тонын ала қашып, өз жөніне ол да кетті. Ендігі сәтте жүргізуші ғылымиатақтарын тізіп, ерекше салтанатпен шақырған ғалым Арап Еспембетовтен ел үлкенүміт күтті. Алайда, алдын-ала барлығы түсіндіріліп қойылғандықтан, профессорЕспембетов те «әдептен аттамай», мұндай кешеннің семейліктер үшін «тосын сый»ретінде қабылданатынын атап өтті.

Сонымен жұрт асыға күткен атаусыз нысанның да тұсауыкесіліп, есігі айқара ашылды. Бірін бірі біліп болмайтын жұрт қарасыныңарасынан әртүрлі киімдегі өнер ұжымдары өріп жүрді. Көбінің көңіл күйі түсіңкікөрінгенін байқап, сөзге тартқанымызбен себебін айтудан басын ала қашты. Теккүңкілінен білгеніміз – «Нысан әлі бітпеген. Бес күн жүрміз осында. Не істеп,не қойып жүргенімізді өзіміз білмейміз. «Абай арена» деп аталмай қалу себебінде түсіне алар емеспіз», деді аты-жөнін айтқысы келмеген бір әртіс.

Ал, бұл уақытта қарапайым қала тұрғыны баласын жетектегенкүйі «міне, «Абай-аренаға енді келдім. Сен қайдасың?» деп әлдекімді іздеп баражатты...

Фотоларавтордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16