Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:49, 14 Қараша 2022

Абай облысында алтынды заңсыз өндірді деген күдікпен қылмыстық топ ұсталды

None
None

Құрамында алтын бар кенді заңсыз өндірген күдіктілердің арасында шетелдіктер де бар, деп хабарлайды  ІІМ-нің баспасөз қызметі.

ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бөлімшелері0 «Еділбай» учаскесінде құрамында алтын бар материалды заңсыз өндіріп, өңдеумен, жер қойнауын өз бетінше пайдаланумен және заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топты ұстады.

Бұл дерек ҚК-тің 287-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелді. Өткізілген іс-шаралар барысында Жаңғызтөбе кентінен 30 шақырым жерде құрамында алтын бар кенді қайта өңдеу бойынша 2 заңсыз цех таратылды. Ұсталған 13 «алтын іздеушінің» 7-уі шетелдік,

— делінген хабарламада.

Іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде құрамында 100 тонна алтын бар кен, сондай-ақ 2 келіден астам жарылғыш (аммонит) және улы (сынап) заттар мен өндіруге қажетті жабдықтар табылып, тәркіленді.

Ұсталған қылмыстық топтың ұйымдастырушысы мен заңсыз цехтардың иесі жергілікті тұрғын болып шықты.

Тегтер: