Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
21:11, 23 Қаңтар 2023

Абай облысында мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығы ашылды

None
None

Абай облысы Семей қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығының ашылу салтанаты өтті.

Аталмыш шараға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов, Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Бұл оңалту орталығы 150 орынға есептелген. Өңірдің шет аймақтарында тұратын мүгедектігі бар адамдарға қызметтерді қолдануға және оңалту кезеңінде тәулік бойы тұруға мүмкіндік береді», — деді Ербол Оспанов.

Сондай-ақ, вице-министр сөз барысында 2025 жылға дейін еліміздің әр өңірінде ашылатын 12 оңалту орталығының бірі екенін атап өтті. Осындай оңалту орталықтары 2 мыңға жуық адамды арнайы әлеуметтік қызметпен қамтамасыз етеді.

2023 жылы Түкістан, Жамбыл және Ақтөбе облыстарында осындай орталықтардың құрылысының аяқталуы күтілуде.

Тегтер: