Абай облысында өртке байланысты енгізілген төтенше жағдай режимі алынды
Абай облысындағы Бородулиха ауданында төтенше жағдай режимі алынып тасталды, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бородулиха ауданының әкімі Айдар Ибраевтың шешімімен алапат өртке байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі алынып тасталды.
«Енді Шүлбі су қоймасының жағалауына ерекше қорғалатын табиғи аумақ, Михайл көлдері және басқа да су қоймалары жағынан баруға рұқсат етіледі. Бірақ кірген адамдар «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заң және «Ормандағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын» қатаң сақтауы керек. Айта кетейік, өрт қауіптілігінің IV және V класы жоғарылағанда орманға кіруге қайта тыйым салынады. Орман ішінде еш уақытта от жағуға болмайды», — делінген «Семей орманы» резерваты таратқан ақпаратта.
Еске салсақ, 13 шілдеде Семей орманындағы алапат өрт арада бір ай өткенде толық өшірілген болатын.