17:37, 24 Қараша 2018
«Абай оқулары» қалалық байқауы өтті

Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы 2018 жылы 23 қараша күні Алматы қаласы, Алматы Құрылыс техникалық колледжі ғимаратында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның этнос өкілдері арасында «Абай оқулары» атты қалалық байқауын өткізді.
Байқаудың мақсат-міндеттері: қазақ тілінің қолданылуын дамыту, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау. Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қоғамдық келісім мен қазақстандық рухани бірлікті нығайту және отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу, көпшіліктің қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту.
Байқауға көркемсөз оқу және ән айту шеберлігін қатар игерген 18-28 жас аралығындағы Қазақстанның этнос өкілдері қатысты.Байқау 3 кезеңнен тұрды:
Фотоларды Мемлекеттік тілді дамыту институты ұсынды.

- «Өлең сөздің патшасы...». Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа мәнерлеп оқу.
- «Қазақта қарасөзге дес бермедім...». «Абай жолы» романынан үзіндіні көркем шеберлікпен жатқа орындау.
- «Құлақтан кіріп, бойды алар...». Абайдың әнін орындау. (1 ән).
