Абай тойы Ахметовке «азық» боп тұр

04.05.2020, 13:52

3

БиылАбайдың 175 жылдық мерейтойы таяған сайын Шығыс Қазақстан облысының әкіміДаниал Ахметовтен маза қашқан сыңайлы. Қыспаққа алған коронавирус індетіменкүрес те жағадан алып, өзінің жасы алпыстан асып тұрғанына қарамастан, айішінде Семейге екі-үш рет келіп кетеді. Өзі келе алмаған жағдайда,орынбасарларын қос-қостан аттандырып, артынша оларды тағы да ерте келіп, тойғадайындық барысына өзі шұқшиятыны семейліктерге жаңалық болудан қалғалы қашан. Ұлыақынның мерейтойының салмағы негізінен екі нысанға – Абай музейі мен Абайатындағы театрға түсетіндіктен  шығар,сапар сайын облыс шенеуніктері осы екеуін шырша тамашалаған балалардай шырайналатын да жүретін. Ал облыс басшысы жақында келген сапарында музей ментеатрға бармастан бұрын, Абай көшесіндегі ақын ескерткіші тұрған алаңға дааялдады. Бұл төңіректе қазір абаттандыру жұмыстары қызу жүріп жатқаны рас.Алайда, Ахметов алаңның бет-бейнесі толығымен өзгеретіндігімен қатар, алаңғаажар беріп тұрған Абай ескерткіші орнынан ауыстырылатындығын айтқаны семейліктердіекіұдай ойда қалдырды. Сондай-ақ өткен жазда ғана риддерлік қолөнер шеберініңағаштан жасаған ұлттық нақыштағы мүсіншелері әкетілетін болды. Білуімізше,олардың ендігі орыны қаладағы балабақшалардың бірінен бұйырмақ.

    Әрине, алаңды ақын тойына орай, заманталабына сай етіп жаңартып, жөндеу қажет те шығар. Бірақ, осыдан бес жыл бұрында облыс басшысы осы Ахметов болатын. Ол кездегі Абайдың 170 жылдығы солғынөткені есімізде. Бәлкім, сол кездегі олқылықтардың орынын толтырғысы келді ме,әлде, бұл жолғы бюджет қаражаты қомақты болуына байланысты «басымен жауапберетін» болған соң, шапқылап жүр ме, онысы өзіне мәлім. Белгілісі — алаңдағыбордюрлерді жаңарту, ақын ескерткішін жарықтандыру қарастырылған. Одан бөлек спортжәне балалар алаңдарын, автокөлік тұрағы мен субұрқақ салынатыны да «үлкенжаңалық» болып отыр. Ал осының бәрін сыйдыру үшін алаңның қазіргі шеңбері аздықетеді екен. Сол себепті барынша кеңейтіп, абаттандыру жұмыстарын шілдеге дейінаяқтау «Фирма Азия» ЖШС құрылыс компаниясына жүктеліп отыр.

    Абайдың атын қаншалықты ардақтайтындығыносылай бір танытқанымен, Ахметовтің ақын ескерткішін орнынан қозғау жайындағыұсынысы көптің көңілін күпті еткеніне күмән жоқ. Мәселен, белгілі абайтанушығалым Асан Омаров бұл ескерткіштің өзіндік тарихи мән-маңызы барын айтады.

— Абайдың осынауалып ескерткіші өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Мәскеуде құйылып, осындажеткізілді. Ескерткіш авторы – Кикабидзе деген белгілі грузин мүсіншісі. Оныңқойылуына ұйытқы болған сол кездегі Семей обкомының бірінші хатшысы болғанЕкейбай Қашағанов едң. Шындығы керек жан-жақты ойлай білетін, өресі биік ұлтжандыазамат болғанын қызметтестері де, ел де әлі ұмытқан жоқ. Ол ескерткішті қазіргіорынына жайдан-жай қоя салған жоқ. Абай өміріне қатысы бар екенін түбегейлісұрастырып, анықтап білді. Ақын өмірін зерттеуші ғалымдармен де ақылдасты. Меніңбілетінім, Абай Шыңғыстаудан Семейге келген сапарында сол төңіректегі ӘниярМолдабаевқа салып берген үйінен шығып, қарсы жағалауға жету үшін қазіргіескерткіш тұрған тұсқа келіп қайыққа отыратын болған. Яғни, Қашағановескерткішті қойдырар кезде Абайдың бейнесін Ертіс өзеніне қаратуының өзіндікмәні бар екенін осылай ұқтырған. Ескерткішті орынынан басқа жаққа апарған дұрысемес. Ескерткіштің қаладағы ең ұзын Абай көшесінің бойында орынын дәл тауыптұрғаны тағы бар. Орынынан жай жылжытқан күннің өзінде осы тарихи ерекшелігіескерілуі керек,-дейді Асан Қайырбекұлы. 

   Ал, «Абай» журналының бас редакторы, ақынМұратбек Оспановтың ойынша, Абай ескерткіші орынынан әкетілген жағдайда орталықалаңдағы Абай атындағы театр ғимаратының алдына орнатылғаны жөн.

—  Егер орталық алаңға әкелінсе, қуана қолдаймын.Артында Абай театры, одан ары қарай Абай музейі орналасқан дегендей. Осы алаңғаәкелген күнде де Абай көшесіне қаратылып қойылса, тіпті жақсы. Ар жағында Ертіскөрініп тұр. Үлкен алаңның бір шетінде қалалық әкімдік тұр. Кезінде БердібекСапарбаев Өскемендегі облыстық әкімдіктің алдына Абай ескерткішін қойғызғандабәріміз де бөркімізді аспанға аттық. Менің ойымша ескерткіштің қазіргі тұрғанжерінен басқа лайықты орын осы ғана, Салыстырмалы түрде айтсақ, Алматыдағы Абайескерткішінің өзі кезінде Мұхтар Әуезовтің ықпалымен Абай көшесінің басынақойылды емес пе? Мүсінші Хакімжан Наурызбаевтың оны жасаудағы еңбегінееліміздегі ешбір сәулет өнері теңдесе алмайды,-дейді М. Оспанов.

  Абай ескерткішіне қатысты ұнамсыз ұсынысынжуып-шайғысы келді ме екен, Ахметов Абай музейіне барғанда тағы бір «тосынсыйымен» таңғалдырды. Яғни, жақын уақытта музей алдына Абайдың екі ұлыменотырған сәті бейнеленген ескерткіш қойылады.

   – Біз алғаш рет Абайдың ең жақын адамдары — оның ұлдарының ортасында көрсеткіміз келеді. Олар өздерінің ұлы әкесінесүйіспеншілікпен және ризашылықпен қарайды. Мұндай ескерткіш еш жерде жоқ. Бізәрқашан да Абайды ұлы философ, данышпан ойшыл ретінде көреміз. Ал бұл жерде олтуған адамдардың ортасында. Бұл жерде біз Абайды өз отбасын сүйетін адамретінде көрсетеміз. Және де оның балалары ретінде бүкіл қазақ халқы табылыпотыр, — деп түйіндеді бұл тұрғыдағы ойын өңір басшысы.

    ⠀Абайдыотбасына жақын абзал әке ретінде осылай көрсеткісі келген әкімнің ойы дұрыс та шығар.Бірақ та «Еш жерде жоқ ескерткіш» орнатқысы келген Ахметовтің кейбір әрекеті«жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық» дегенді де еске түсіреді. Яғни, Абайтойы Ахметовке «бір жыл азық» болғанда ғана ақын музейі мен театрына шапқылап,одан қалса, алаңына барып, ескерткішін жылжытуға барын салғаны жөнкөрінгенімен, қанша қаражат бөлініп жатқаны өзі мен айналасы ғана білетін құпияболып отыр. Облыс әкімінің сапарына қатысты ақпараттарда да қанша қаражатбөлінгені жайлы бір мәлімет жоқ.  Ал,Даниал Кенжетайұлы Семейден қайтқаннан кейін «Қаладағы Абай алаңында ауқымдықайта құру жұмысы басталды. Ұлы ақынның құрметіне аталған театр да жаңарып,жаңа келбетке ие болады. Сыртқы безендіру, фойе және көрермендер залыныңжобаларын таңдадық. Абай музейінде де күрделіжөндеу жүргізіледі» деген сараң жазба қалдырыпты. Осы тұрғыда тағы да бірнешежауапсыз сауал көлденеңдейді: Абай тойына дайындыққа Даниал Ахметов қанажауапты ма? Ақтоты Райымқұлова басқаратын Мәдениет және спорт министрлігітарапынан әлі күнге дейін бір ауыз сөз айтылмауы қалай? Министрлік қолдаукөрсеткен күннің өзінде өңір басшысы бұл туралы неге айтқысы келмейді?..

     Ал, тамыз айына белгіленген ақынтойына екі айдан астам уақыт қана қалды. Қыруар шаруаның бәрін қысқа уақыттабітіргеннен кейін оның сапасы қалай болатыны өз алдына бөлек әңгіме.

Сәтжан Қасымжанұлы,

Шығыс Қазақстан облысы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
    11:31
  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58