Абай тойы Ахметовқа «азық» боп тұр

05.05.2020, 12:05

5

                 

   Биыл Абайдың 175 жылдық мерейтойы таяғансайын Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтен маза қашқан сыңайлы.Қыспаққа алған коронавирус індетімен күрес те жағадан алып, өзінің жасыалпыстан асып тұрғанына қарамастан, ай ішінде Семейге екі-үш рет келіп кетеді.Өзі келе алмаған жағдайда орынбасарларын қос-қостан аттандырып, артынша оларды тағыда ерте келіп, тойға дайындық барысына өзі шұқшиятыны семейліктерге жаңалықболудан қалғалы қашан.

  Ұлыақынның мерейтойының салмағы негізінен екі нысанға – Абай мұражайы мен Абайатындағы театрға түсетіндіктен  шығар,сапар сайын облыс шенеуніктері осы екеуін шырша тамашалаған балалардай шырайналатын да жүретін. Ал облыс басшысы жақында келген сапарында музей ментеатрға бармас бұрын, Абай көшесіндегі ақын ескерткіші тұрған алаңға аялдады.Бұл төңіректе қазір абаттандыру жұмыстары қызу жүріп жатқаны рас. АлайдаАхметовтің алаңның бет-бейнесі толығымен өзгеретіндігімен қатар, алаңға ажарберіп тұрған Абай ескерткіші орнынан ауыстырылатынын айтқаны семейліктердіекіұдай ойда қалдырды. Сондай-ақ өткен жазда ғана риддерлік қолөнер шеберініңағаштан жасаған ұлттық нақыштағы мүсіншелері әкетілетін болды. Білуімізше,олардың ендігі орны қаладағы балабақшалардың бірінен бұйырмақ.

  Әрине,алаңды ақын тойына орай, заман талабына сай жаңартып, жөндеу қажет те шығар. Бірақосыдан бес жыл бұрын да облыс басшысы осы Ахметов болатын. Ол кездегі Абайдың170 жылдығы солғын өткені есімізде. Бәлкім, сол кездегі олқылықтардың орнынтолтырғысы келді ме, әлде бұл жолғы бюджет қаражаты қомақты болуына байланысты«басымен жауап беретін» болған соң шапқылап жүр ме, онысы өзіне мәлім.Белгілісі – алаңдағы бордюрлерді жаңарту, ақын ескерткішін жарықтандыруқарастырылған. Одан бөлек, спорт және балалар алаңдары, автокөлік тұрағы мен субұрқақсалынатыны да «үлкен жаңалық» болып отыр. Ал осының бәрін сыйдыру үшін алаңныңқазіргі шеңбері аздық етеді екен. Сол себепті барынша кеңейтіп, абаттандыру жұмыстарыншілдеге дейін аяқтау «Фирма Азия» ЖШС құрылыс компаниясына жүктеліп отыр.

 Абай атын қаншалықты ардақтайтынын осылай біртанытқанымен, Ахметовтің ақын ескерткішін орнынан қозғау жайындағы ұсынысы көптіңкөңілін күпті еткеніне күмән жоқ. Мәселен, белгілі абайтанушы ғалым Асан Омаровбұл ескерткіштің өзіндік тарихи мән-маңызы барын айтады.

– Абайдың осынауалып ескерткіші өткен ғасырдың 70-жылдары Мәскеуде құйылып, осында жеткізілді.Ескерткіш авторы – Дмитрий Эльбакидзе  деген белгілі грузин мүсіншісі. Оның қойылуынаұйытқы болған сол кездегі Семей обкомының бірінші хатшысы болған ЕкейбайҚашағанов еді. Шындығы керек, оның жан-жақты ойлай білетін, өресі биік ұлтжандыазамат болғанын қызметтестері де, ел де әлі ұмытқан жоқ. Ол ескерткішті қазіргіорнына жайдан-жай қоя салған жоқ. Абай өміріне қатысы бар екенін түбегейлісұрастырып, анықтап білді. Ақын өмірін зерттеуші ғалымдармен де ақылдасты. Меніңбілетінім, Абай Шыңғыстаудан Семейге келген сапарында сол төңіректегі ӘниярМолдабаевқа салып берген үйінен шығып, қарсы жағалауға жету үшін қазіргіескерткіш тұрған тұсқа келіп, қайыққа отыратын болған. Яғни Қашағановескерткішті қойдырар кезде Абайдың бейнесін Ертіс өзеніне қаратуының өзіндікмәні бар екенін осылай ұқтырған. Ескерткішті орнынан басқа жаққа апарған дұрысемес. Ескерткіштің қаладағы ең ұзын Абай көшесінің бойында орнын дәл тауыптұрғаны тағы бар. Орнынан жай жылжытқан күннің өзінде, осы тарихи ерекшелігіескерілуі керек, – дейді Асан Қайырбекұлы. 

  Ал «Абай» журналының бас редакторы, ақынМұратбек Оспановтың ойынша, Абай ескерткіші орнынан әкетілген жағдайда орталықалаңдағы Абай атындағы театр ғимаратының алдына орнатылғаны жөн.

  –  Егерорталық алаңға әкелінсе қуана қолдаймын. Артында Абай театры, одан ары қарайАбай мұражайы орналасқан дегендей. Осы алаңға әкелген күнде де, Абай көшесінеқаратылып қойылса, тіпті жақсы. Ар жағында Ертіс көрінеді. Үлкен алаңның біршетінде қалалық әкімдік тұр. Кезінде Бердібек Сапарбаев Өскемендегі облыстықәкімдіктің алдына Абай ескерткішін қойғызғанда, бәріміз де бөркімізді аспанғааттық. Менің ойымша, ескерткіштің қазіргі тұрған жерінен басқа лайықты орын осығана. Салыстырмалы түрде айтсақ, Алматыдағы Абай ескерткішінің өзі кезіндеМұхтар Әуезовтің ықпалымен Абай көшесінің басына қойылды емес пе? МүсіншіХакімжан Наурызбаевтың оны жасаудағы еңбегіне еліміздегі ешбір сәулет нысанытеңдесе алмайды, – дейді М.Оспанов.

  Абай ескерткішіне қатысты ұнамсыз ұсынысынжуып-шайғысы келді ме екен, Ахметов Абай мұражайына барғанда тағы бір «тосынсыйымен» таңғалдырды. Яғни жақын уақытта мұражай алдына Абайдың екі ұлыменотырған сәті бейнеленген ескерткіш қойылады.

  – Бізалғаш рет Абайды ең жақын адамдары – оның ұлдарының ортасында көрсеткімізкеледі. Олар өздерінің ұлы әкесіне сүйіспеншілікпен және ризашылықпен қарайды.Мұндай ескерткіш еш жерде жоқ. Біз әрқашан да Абайды ұлы философ, данышпанойшыл ретінде көреміз. Ал бұл жерде ол туған адамдардың ортасында. Бұл жердебіз Абайды өз отбасын сүйетін адам ретінде көрсетеміз және де оның балаларыретінде бүкіл қазақ халқы табылып отыр, – деп түйіндеді бұл тұрғыдағы ойын өңірбасшысы.

  Абайды отбасына жақынабзал әке ретінде осылай көрсеткісі келген әкімнің ойы дұрыс та шығар. Бірақ та«еш жерде жоқ ескерткіш» орнатқысы келген Ахметовтің кейбір әрекеті «Жақсы әкежаман балаға қырық жыл азық» дегенді де еске түсіреді. Яғни Абай тойы Ахметовқа«бір жыл азық» болғанда ғана ақын мұражайы мен театрына шапқылап, одан қалса,алаңына барып, ескерткішін жылжытуға барын салғаны жөн көрінгенімен, қаншақаражат бөлініп жатқаны өзі мен айналасы ғана білетін құпия болып отыр. Облысәкімінің сапарына қатысты ақпараттарда да қанша қаражат бөлінгені жайлы бірмәлімет жоқ.  Ал Даниал КенжетайұлыСемейден қайтқаннан кейін «Қаладағы Абай алаңында ауқымды қайта құру жұмысыбасталды. Ұлы ақынның құрметіне аталған театр да жаңарып, жаңа келбетке иеболады. Сыртқы безендіру, фойе және көрермендер залының жобаларын таңдадық. Абай музейінде де күрделі жөндеу жүргізіледі» дегенсараң жазба қалдырыпты.

 Осы тұрғыда тағы да бірнеше жауапсызсауал көлденеңдейді: Абай тойына дайындыққа Даниал Ахметов қана жауапты ма?Ақтоты Райымқұлова басқаратын мәдениет және спорт министрлігі тарапынан әлікүнге дейін бір ауыз сөз айтылмауы қалай? Министрлік қолдау көрсеткен күнніңөзінде, өңір басшысы бұл туралы неге айтқысы келмейді?

  Ал тамыз айына белгіленген ақынтойына екі айдан астам уақыт қана қалды. Қыруар шаруаның бәрін қысқа уақыттабітіргеннен кейін оның сапасы қалай болатыны өз алдына бөлек әңгіме.

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

Шығыс Қазақстан облысы




Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 13:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 12:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 13:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 13:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 13:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 13:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39