Абай және цивилизация: әлемнің ТОП-200 университеті оқитын еңбек

Белгілі ғалым, қоғам қайраткері, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Оразалы Сәбденнің «АБАЙ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ЦИВИЛИЗАЦИЯ» атты еңбегі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді.
Авторбұл еңбегінде ХХІ ғасыр адамзаттың алдына тартқан жаһандану процесі мен жаңасын-қатерлер жағдайында өз оқырмандарына ой-пікірлерін ұсынады. Әлемге жаңакөзқараспен қарауға және инновациялық серпін жасауға, әлемдік өркениеттіңдамуын эволюциялық, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан талдауға шақырады. Бұлеңбекте Абайдың ой-тұжырымдарын негізге алып, адамзаттың дамуы үшін қоғамныңізгіленуі мен оның моральдық кодексін жасауды ұсынады.
Еңбектеқазақ елін, қала берді адамзатты алға жетелейтін құндылықтардың тетіктері ментың пікірлер мен болашаққа бағыттайтын нақты жобалар да ұсынылған.
«БізАбайға қайта бет бұрып, оның туындыларынан ақиқат пен шындықты, оның толықадамынан ар-ұят, намыс пен мейірімділікті алып, өзімізді өзгертуге, рухани жан дүниемізді түзетуге бет алсақ», дейдіавтор.
Жалпы,еңбекте біз тіреліп тұрған проблемаларды нақтылап алып, «мəселенің қазіргіжағдайы қалай?» деген анықтамалық сұраққа «не істеу керек, қалай шешу керек,тетігі қайда?» деген бағытта жауап ізделеді. Кітаптың ерекшелігі де сол – халықаралықдеңгейде жаңа постмодернизм тәсілінде бүгін мен болашақтың өзекті сұрақтарынажауап беріп қана қоймай, оларды іске асыру жолдары жазылған. Автордың негізгімақсаты да Қазақстанды әлеуметтік экономика,рухани-мәдени, ғылыми-технологиялық революция, экология, ғарышты игеру,қауіпсіздік сияқты өркениеттерге жеткізудің жолын ұсыну.
Кітапшыққалы көптеген жерлерде кездесу өткізген автор бұл үш тілде шыққан нұсқасынаакадемиктердің, мамандардың пікірлерін қоса ұсыныпты. Айта кетерлігі, олардыңішінде Нобель сыйлығының иегері де бар.
Абайәлемінің Қазақстанның жаңа өркениетке өтуге септігі; Абайдың «Толық Адам»философиялық ілімін іске асыру; Түркі империясының дамуына елеулі үлес қосқантарихи тұлғалар туралы қысқаша мәлімет; Түркі әлемінің қайта жаңғыруынасерпіліс беру идеясы, оның тетіктері. Әлемдік цивилизацияға серпіліс берген ұлытұлғалар сияқты академиктің 10-шақты концептуалды идеялары мен жобалары жалпы 3бөлімге топтастырылып берілген.
Кітап Лондонда басылыпшықты. Тұсаукесері автордың өзінің қатысуымен Кембридж университетінде өтті. Баспаұсынған дерек бойынша, бұл еңбек қазір әлемнің 13 дамыған мемлекеттеріндесатылуда. 200 алдыңғы қатарлы университеттерге арнайы жолданды.