13:49, 16 Наурыз 2021
Абайдың шешесі Ұлжан батаға жерік болған (видео)
Бата берудің қасиетін сезініп жүрміз бе?
Бүгін әлеуметтік желілер арқылы «Бүгін Бата беру күні» деген ізгі-тілектерді жұртшылық бір-біріне таратып жатыр. Қазақта үлкендерден бата сұрау – ежелгі салт. Мұның бір жағында үлкенді сыйлау жатса, екінші жағында «баталы құл арымас, батасыз құл жарымас» деген қазақ халқының батаның киелігіне деген сенімі жатыр. Батаны көбінесе аузы дуалы кісілерден, жақсылардан, көп жасаған қариядан, атақты батырдан, шашасына шаң жұқпайтын шешеннен, арқалы ақындардан, ойшыл кемеңгерлерден сұрайтын болған. Бата алуды жақсылыққа ырымдайтын халқымыз тіпті кейде алыста болса да сондай адамдарға арнайы барып батасын алған. «Кезінде Абайдың анасы Ұлжан да батаға жерік болған» деседі.