Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:22, 14 Мамыр 2020

Абайдың жас шағындағы көптен бөлек ерекше мінездері туралы

Абайдың жас шағындағы көптен бөлек ерекше мінезін ашатын дереккөздерқатарында Құнанбай, Қаратай, Абай арасында болған бірнеше әңгіме бар.

Олардыңбірінің қысқаша мазмұнын М.Әуезов былайбаяндайды:      

«Құнанбайдың Көкше ішіндегі тұрғылас, дос кісісі Қаратай болған. Ол,көп елдің сынынша, шешен, жүйрік атанған кісі. Сол Қаратай бір күні Абайдың өзқұрбы жас жігіттермен жиналып отырған үстіне келіп, жастардың заманын жамандап,өз заманын мақтай бастайды. Абай бұл сөздерге көп дау айтып келіп, ақырында:«Сіздің заманыңызда көрші елдің арасында бір қол кісі болып жиналып алып, түнқатып жүрмесе, жалғыз жарым кісі қатынаса алмаушы еді. Ұрлық, барымта, бұзықтықкөп болғандықтан, «әні алып кетті, міні алып кетті» деп, кемпір-шал, қатын-қалаш,жас бала тыныштықпен асын іше алмаушы еді. Сол заман да жақсы ма?» – дегенде,Қаратай дау айтып келіп: «Менің заманым пайғамбарға жақын», – депті. Бұғанқарсы Абай: «Алатаудың басы күнге жақын, бірақ басында мәңгілік қар жатады.Сайында неше түрлі өсімдік, неше алуан жеміс шығады. Алланың рақметіне (рақым,жақсылыққа) алыс жер, алыс заман жоқ. Қайда болса да жетеді. Сіз пайғамбарғаәкесінен жақын емессіз, ол кәпір болған», – депті».

Ел аузындағы әңгіме өзегінен М.Әуезов Абайдың ақындық-азаматтықтұрғысындағы өзгеше жаңалықты, Абай заманындағы жақсылар мен жайсаңдардың ойынакелмейтін қисынды сөз, орынды ойды жоғары бағалап, арнайы атап көрсетеді.Әңгіме өзегі Алланың рақметіне (рақым, жақсылыққа) алыс не жақын жер, алыс нежақын заман туралы. Қаратай мен Абай арасындағы пікірталастың түйіні осында.Қаратайдың сөзінің негізінен мынадай шешендік силлогизм үлгісі көзге түседі:замандардың жақсысы – пайғамбар заманы. Пайғамбарға сенің заманыңнан меніңзаманым жақын. Демек, менің заманым сенің заманыңнан жақсы.

Қаратайдың сөзінің иландырушы күші үлкен. Оны жоққа шығару, одан күштісөз тауып айту оңай емес. Бірақ Абайдың дүниетаным байлығы, ойлау қуаты,ақындық-азаматтық тұрғысы Қаратайдың тұйығын бұзып-жарып өтіп, жаңа үлгіұсынады. Абайдың сөзі екі желіден тұрады. Біріншісі – алыс пен жақын ұғымдарытуралы. Екіншісі – жақсы мен жаман туралы. Оның мәнісі шешендік силлогизмніңтиісті үлгілері арқылы ашылады. 1) Алатаудың басы бізденалыс, күнге жақын. Басында мәңгілік қар жатады.

Сөз образды, ой астарлы. Образды сөз бен астарлы ойдан Қаратайдыңөзінің бұрынғыға, бүгінгіден алысқа жақын екені, бұрынғының, бүгінгіден алыстыңжақсы екені туралы ойын теріске шығарғандай пікір туады. Екінші үлгіде(бүгінге) жақынның жақсылығы туралы пікір ұсынылады: Алатаудыңбізге жақын сайында неше түрлі өсімдік, неше алуан жеміс шығады.

Екі үлгі де бейнелі, астарлы. Екеуінде де Қаратайдың пікірініңнегізсіздігі, дәлел-дәйегінің әлсіздігі белгілі болады.

Қарсыласының сөзінің негізін осылай ырғап-ырғап, босатып алған соң,Абай өзінің қорытынды тұжырымын айтады: Алланың рақметіне алысжер, алыс заман жоқ.

Сөз де, ой да мінсіз. Ақындық-азаматтық айрықша тұрғыдан туған даналықсөздің үлгісі осындай болады. Алайда Қаратайдың көңілінде бір түйткіл қалғанболу керек, соны сейілту үшін Абай алыс пен жақын туралы тұжырымын ендітарихтан белгілі, айқын мысал арқылы негіздейді: Сізпайғамбарға әкесінен жақын емессіз, ол кәпір болған.

Қаратайдың алыс пен жақын туралы ойының өзегі ретінде өрілген ұстанымжелісі Абайдың мына сөзінен кейін мүлде үзіледі, жоққа шығарылады. Қаратайайтарға сөз таппай қалады.

Абайдың ғылыми өмірбаянының бір нұсқасында осы әңгімені ҚаратайҚұнанбайға айтады. Құнанбай Абайды шақырып алып, көп сөз айтып, ұзақ ұрсыпты.Абай әке сөзін үндемей тыңдап, сыртқа шыққанда Қаратай келіп: «Бала, қалай,қайсымыз жақсы екенбіз?» – деп сұрайды. Сонда Абай былай депті: «Бәсе, қайсымызжақсы екенбіз: біздің ортамызға жалғыз өзің келіп, ойдағыңның бәрін айтқанда,түгелімен құп тыңдағаннан басқамыз жоқ еді. Сендердің ортаңа келсек, қыруаржанды жалғыз шалың ауызға ұрып сөйлетпейді».

Абай бұл жерде де Қаратайды сөзден ұтып тұр. Қаратай секілді елгебелгілі шешен, тиісті жерінде билік сөзін айтып жүрген майталман жорғаның өзінмүдіртіп, ой жарысында алға суырылып шығып кетеді. Абайдың ғылыми өмірбаянынжасау ісінде, Абайдың ақындық тұрғысының қалыптасу арналарын ашуда М.Әуезовүшін мұндай дереккөздерде сақталған мәліметтердің құндылығы өлшеусіз зор еді.Мұндай дереккөздерде сақталған мәліметтерге М.Әуезов ерекше назар аударған жәнесоларға сүйене отырып Абайдың ойға жүйріктігі, сөзге шеберлігі негізіндегітерең білімнің, тарихи сананың, шешендік кемелдік пен азаматтық биіккөзқарастың, ақындық айрықша тұрғының мәнін ашты. 

Ел ортасының бір үлкен жиынында Құнанбай көп ортасында сөйлеп отырғануақытта Абай әлденеше оқталып, бір нәрсе айтқысы келіп киліге беріпті. СондаҚұнанбай «тек отыр» деп тоқтатып тастайды. Артынан ел арылып, жиыннан қайтыпкеле жатқанда әкесі Абайды шақырып алып, көп алдында көлденеңдегені үшіннаразылық айтады. Таласқан кінәсін Абай мойнына алады. Содан кейін Құнанбай:«Кезі келген жерде айтпақ болып жүрген сөзім бар еді, соны айтайын: ең әуелі,сен жұрттың бәріне күліп сөйлейсің, жайдақ су сияқтысың. Жайдақ суды ит те, құста жалайды, кісіге қадірің болмайды. Екінші – көрінгенмен жақын боласың, кісіталғамайтын, желбегей жүрген кісінің басына ел үйірілмейді. Ел алатын қылық олемес. Үшінші мінің – орысшылсың, орыстың дұшпандығын ұмытасың», – депті.

Құнанбай заманындағы ел билеу үрдісі тұрғысынан қарағанда осы айтылғанескертулердің әрқайсысының терең негізі бар. Үш міннің үшеуі де ел билігінұстаған, жақсы мен жаманды, алыс пен жақынды өз өмір тәжірибесінде терең білгенадамның көргендері мен көңіліне тоқығандарына негізделген. Құнанбай мін депбілген осы үш мінездің алдыңғы екеуінен бүгінгінің әкімқаралары да алыс, қашық.Қолында үлкенді-кішілі билігі барлардың қатарында жұрттың бәріне күліпсөйлейтін, жайдақ су сияқты, көрінгенмен жақын болған жан бүгінде де көзге түсеқоймайды.

Әкенің көрсеткен мініне орай, Абайдың айтқан сөзі де орынды, жүйелі:«Қолында құралы бар бірен-саранға ғана тиетін шыңыраудағы судан да қойшы-қолаң,жалшы-жақыбайдың бәріне бірдей пайдасы тиетін жайдақ су артық деп білемін» [7,122]. Абай қойшы-қолаң, жарлы-жақыбай көпке жаны ашуды, көптің қамын ойлауды,көпке пайдасын тигізуді әуестіктен емес, өзінің адамшылық көзқарасына сайтаңдап тапқан мақсатына, мұратына лайықты болған соң жөн көріп отыр. Ал мұндайкөзқарастың, соған сай мақсат пен мұраттың негізі «көптің қамын әуелден тәңіріойлағаны» туралы түсінікте жатыр.

Әкенің бірінші міні баласының «жұрттың бәріне күліп сөйлейтініне» байланысты.Тура, нақты айтылған осы мінін ол бейнелі, суретті сөзбен айшықтап, ажарлайтүседі: «… жайдақ су сияқтысың. Жайдақ суды ит те, құс та жалайды». Егер Абайөзінің жауабын әкесінің тура, нақты айтқан міні («жұрттың бәріне күліпсөйлейсің») негізінде қайтарса, онда, әрине, сөз жүйесі басқаша түзілген болареді. Ашық, анық, нақты айтылған мінге ашық, анық, нақты сын айтылуы қажет.Жұрттың бәріне жаны ашу, жылы жүзді, игі түсті болу бір басқа да, жұрттыңбәріне күліп сөйлеу бір басқа. Жұрттың бәріне күліп сөйлеуді кісінің бойына мінсанаған адамның сөзіне бала ғана емес, басқалар да тоқтайды. Бірақ Құнанбай бірмінді екі түрлі өрнекпен айтады: бірінші жолы – ашық, анық, нақты сөзөрнегімен; екінші жолы – бейнелі, образды, суретті сөз өрнегімен. Бірінші жағдайашық, анық, нақты жауапты талап етеді. Екінші жағдайда ашық, анық, нақты жауапберу міндетті емес. Бірінші тарап бейнелі, образды, суретті айтқан мінге екіншітарап бейнелі, образды, суретті сөзбен жауап қайтаруға ерікті. Абайдың сөзініңұтымды шығуының мәнісі осында. Сөз тапқан балаға әке қайта қолқа салмайды,бірақ өз пікірінен де қайтпайды.

Көпшіл болған жақсы. Көпке пайда тигізу игілікті. Адамзаттың бәрінбауыр тұту, бәрін сүю – адамшылықтың белгісі. Екінші жағынан, Абайдың өзісүйген көп туралы сыны да мол. Ақынның: «… көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнгесал», «Кісіге біліміне қарай болыстық қыл: татымсызға қылған болыстық адамдыбұзады», – деген сөздерінде үлкен мән жатыр. Олар өз тереңінде Құнанбайдыңсынымен үндеседі. Айналып келгенде, әкенің сыны мен баланың ұстанымы арасындақарама-қайшылық жоқ, екеуінің пікірінің негізі бір.

Екінші сөзге – «қазақ ескі бір заманда қой сияқты болған, бір қорақойды жалғыз қойшы «айт!» десе өргізіп, «шәйт!» десе жусататын заман еді. Оданбері келе ел түйе сияқты болды. Бір шетіне тас тастап, «шөк!» деп дыбыстағануақытыңда аңырып тұрып барып бетін бұратын болды. Енді біздің заманымызда елжылқы тәрізді болды. Мұны ақ қар, көк мұзда қар төсеніп, мұз жастанып, етегінтөсек, жеңін жастық қылуға шыдаған жылқышы ғана баға алады. Еңбек сіңірген адамғана ие боп, басшы бола алады. Орысшылсын дегенге – «… оның қолында зор қуат,өнер, білімі бар. Егер сол өнер-білімді үйренуден қашсақ, ол надандық болар,жақсылық болмас. Мен өнер-білімі үшін орысшылмын», – депті.

М.Әуезов әке мен бала арасындағы сөзден олардың әрқайсысының белгілібір әлеуметтік құбылысқа деген көзқарастарын аңғарады, әке мен баланың бірқұбылысты екі түрлі көзқарас тұрғысынан бағалайтынын байқайды. Жеке тыңдағандаәке сөзінде мін жоқ. Оның үстіне әке өзінің өмір тәжірибесінде дұрыстығына біремес, әлденеше көз жеткізген пікірін айтады. Ал енді осындай өмірлік негізіберік пікірді жас, жігіт Абайдың пікірімен салыстырып пайымдағанда, әкенің сөзі орынды болғанда, баланыңсөзі ұтымды, қисынды сияқты әсер қалдырады. Баланың пікірі де терең, дәйекті,қисынды. Ең бастысы, Құнанбайдың сөзінде де, Абайдың сөзінде де қапы жоқ.Құнанбайдың сөзі де, Абайдың сөзі де байырғы қазақ қоғамындағы билер сөзініңүлгісінде қорытылған. Құнанбайдың пікірі оның өзінің өмір тәжірибесіне, өззаманының шындығына негізделген. Құнанбайдың өмір тәжірибесі, Құнанбайдың заманытұрғысынан қарағанда оның сөзінің арасынан қыл өтпейді, сынында, пікіріндешындықтан тыс, орынсыз айтылған ешбір қисын жоқ. Абайдың сөзінің ұтымды шығуы –оның қисындарының өз заманының шындығына негізделгенінде. Оның үстіне Абайдыңпікірі оның өз заманының шындығына ғана негізделіп қоймайды, өз өмірінің мәдени өрісінде, өз өмірінің мәдени кезеңімен кеңістігінде қалыптасқан ақындық-азаматтық тұрғысы деңгейінде сараланады.  

М.Әуезовтің қорытындысынан Абайдың жастық, жігіттіккезіндегі ақындық-азаматтық тұрғысын білдіретін бірнеше айрықша маңыздытілек-мұрат белгілі болады. Олар мынадай: а) халық мұңын ойлау; ә) халыққа адалеңбек ету; б) ел көпшілігімен қабысып, табысу; в) елге пайдасын тигізу; г) елгеәділ басшылық жасау; д) адамгершілікті болу т.б.

Абайдың ақындық-азаматтық тұрғысының қалыптасукезеңі туралы М.Әуезов мынадай пікір түйген: «Балалықтан асып, бозбалалық,жігіттік шағына жеткен уақытта қазақтың ескі сөз, ескі жол-жора, мәтел-тақпақ,ескі биліктеріне елдің маңдай кісілерімен қатар түсетін білім алған. Бұлуақыттарда қазақтың ескі ақындары, кемел билері, жорықшыл батырлары, хандарыболсын – барлығының жайындағы әңгімелер Абайға таныс дүние болып қалған».

М.Әуезовтің пікірі терең, маңызды. Осы терең, маңызды пікірдің айрықшақұнды жағы – «ескі биліктерге елдің маңдай кісілерімен қатар түсетін білімалған» шағына қатысты. Бұл шақты автор Абайдың «бозбалалық, жігіттік шағымен»сай көрсетеді.  

М.Әуезовтің мәліметтері мен пікірлеріне сүйене отырып,Абайдың жастық, жігіттік кезіндегі ақындық-азаматтық, әлеуметтік тұрғысынтанытатын ұстанымдарының мынадай негіздерін анықтап көрсеткен дұрыс: а)мезгілдік; ә) мекендік; б) мәдени-әлеуметтік. Абайдың жастық, жігіттік кезініңақындық-азаматтық, әлеуметтік тұрғысын танытатын ұстанымдарына негіз болғанқұндылықтардың мезгілдік шегі мен шеті байырғы заманнан өзінің жастық, жігіттікдәуреніне дейінгі уақытты қамтиды. Абайдың жастық, жігіттік кезіндегіақындық-азаматтық, әлеуметтік ұстанымдарының қалыптасуына негіз болғанқұндылықтардың мекендік аумағы Еуразия кеңістігін, оның ішінде өзінің байтақдаласын алып жатыр. Абайдың жастық, жігіттік кезіндегі ақындық-азаматтық,әлеуметтік тұрғысын танытатын қағидалардың қалыптасуының мәдени-әлеуметтікнегізі Еуразия мәдениетінен, қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымынан, шешендікөнерінен бастау алады.

Абайдың жастық, жігіттік кезіндегіақындық-азаматтық, әлеуметтік ұстанымдарының негізі тұтас Еуразияның есте жоқескі замандардан Абайдың өзіне дейінгі кезеңі мен кеңістігін қамтитыны туралыой ойға қалдыруы ғажап емес. Бұл жерде мынаны ескеру керек: Абай осы бір ұшы-қиырыжоқ мезгілдік және мекендік шек пен шеңбердегі рухани құндылықтардың нәрінөзінің тұсындағы, өзінің алдындағы дала даналарынан, халық даналығынан,халықтың дәстүрлі мәдениетінен, әке тәрбиесінен тапты. 

Жанғара ДӘДЕБАЕВ,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры

Тегтер: