Абайтанудың бір түйіні үзілді

Күлліқазаққа белгілі қазыналы қарт, шешен тілді шежіреші Бекмұхамед (Бекен)Исабаевты Абай елі соңғы сапарға шығарып салды.
Саналы ғұмырында МұхтарӘуезовтің туған жері Бөріліде жазушыныңмузей үйінің қазақ руханиятының темірқазығына айналуына аянбай еңбек сіңіргенқаламгердің қажырлы ісі баршамызға мәлім. Шыңғыстауға жолы түскен белгілітұлғалардың дені Бекен қарияның шаңырағына аялдамай кетпейтіні бір аңыз.
Қабырғасықайыса жиылған жұрттың қайғысына ортақтасқан басшылар, зиял қауым өкілдері сөзалды. Ауыл ақсақалы Амантай Мұқатаев ұстаздықтан басталған ардақты жанныңүлгілі жолына тоқталды. Абай елі атынан аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров та ел,жер тарихын түгендеуге сүбелі үлес қосқанын айта келіп, қалдырған мұрасыұрпаққа тәрбие болып қалатынын атапөтті.
Қарияныңқазасын естісімен келген жазушы, алаштанушы Тұрсын Жұртбай тебірене шертолғады.
— ОсыАбай еліне келгенде арнайы сәлем бере келіп,әңгімесін тамсана тыңдайтын ағабуындағы асылымыз еді. Абай, Мұхтар өміріне қатысты тың әңгімелерді тереңінен қозғайтын.Ескі қора кейпіне түскен Әуезов үйін музейге айналдырудағы еңбегі ұшан-теңіз.Біз Бекен ағаны Абайтанудың білгірі ретінде таныдық. Абайтануды жалғастырабілген түйініміздің бірі еді. Сол түйін бүгін үзілді. Елдің ендігіақсақалдарына Бекен ағаның жолын жалғастыру салмағы түсіп тұр, — дедіТ.Жұртбай.
Ақын,Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тыныштықбек Әбдікәкімов Бекмұхамед қарияныңотбасына көңіл айтып, қайғысына ортақ ойын да егіле жеткізді. Шежірешіқаламгердің қазасына орай Әуезовтер әулетінен, облыс әкімі Д. Ахметовтің,Президент аппаратынан жолданған жеделхаттар оқылды.
Бекенқарияның сүйегі Бөрілідегі қорымға қойылды.