Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:39, 27 Тамыз 2019

Абайтанушыларсыз Абай -175: Кіл шенеуніктерден тұратын комиссия

Ақын тойын өткізу жөніндегімемлекеттік комиссияға он жеті әкім мен төрт министр кірген.

Елорда әкімі АлтайКӨЛГІНОВ, Алматы әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ және Шымкент шаһараның басшысы ЕрланАЙТАХАНОВ және барлық облыс әкімдері. Алайда, бірде-бір абайтанушы жоқ.

Қазақстан президенті Қасым-ЖомартТОҚАЕВ Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 жылдық мерейтойын өткізуге жауапты республикалықкомиссия құрамын бекітті. Әдеттегі бұрыш айналсаң алдыңнан шыға келетінабайтанушы, ғалымдардан емес, комиссия құрамы Үкімет мүшелерінен, дәлірекайтқанда күнделікті көзге түрткі болып, сөзге қалып жүретін министрлер,депуттаттар мен әкімдердің тізімнің басым көпшілігін «басып алғанына»қарағанда, комиссия құрамы «болыс болдым мінеки, бар малымды шығындап» дегенніңкеріне келгенге ұқсайды.

Бұл тізімнен белгілі абайтанушыМекемтас МЫРЗАХМЕТОВ, Тұрсын ЖҰРТБАЙ, Тұрсынжан ШАПАЙ,  Әуезов мұражай үйінің қалыптасуына зор еңбек сіңірген, шежірешіБекен ИСАБАЕВ емес, тіпті, ұлт мұратының жолында құрбан болуға әзір кейіптегіакадемик Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ жоқ. Есесіне, «тізесі шыққан тізім құрамы» көзгешыққан сүйелдей көрінеді. Қызығы сол, бұл құрамда қызметі бар да өзі жоқ ұлықтардыңкім екенін «көзбен көріп, ішпен білесің». Және оның өзінде «келісім бойынша»деген анықтамасы тағы бар.

Себебіне төмендегі тізім дәлелі:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, төраға 

ҚазақстанРеспубликасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төрағаның орынбасары 

ҚазақстанРеспубликасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі, төрағаныңорынбасары 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы хатшылығының меңгерушісі,комиссияның  хатшысы 

Комиссия мүшелері: Қазақстан РеспубликасыПремьер-Министрінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары

 «Nur Оtan»партиясы Төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша) мемлекеттің өңірліксаясаты саласындағы жұмысқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы ПрезидентіӘкімшілігі Басшысының орынбасары Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөзхатшысы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі ҚазақстанРеспубликасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Қазақстан РеспубликасыныңБілім және ғылым министрі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спортминистрі Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алматы қаласының әкімі Шымкент қаласыныңәкімі Ақмола облысының әкімі Ақтөбе облысының әкімі Алматы облысының әкіміАтырау облысының әкімі Батыс Қазақстан облысының әкімі Жамбыл облысының әкіміҚарағанды облысының әкімі Қостанай облысының әкімі Қызылорда облысының әкіміМаңғыстау облысының әкімі Павлодар облысының әкімі Солтүстік Қазақстаноблысының әкімі Түркістан облысының әкімі Шығыс Қазақстан облысының әкіміҚазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Абдрахманов СауытбекАбдрахманұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісімбойынша) Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы – Қазақстан Республикасының ПарламентіСенатының депутаты (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы ПрезидентіӘкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Қазақстан Республикасы ПрезидентіӘкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары «Қазақстан Жазушылародағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)«Қазақстан Жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасыныңбірінші орынбасары (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Білім және ғылымминистрлігі «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» шаруашылықжүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры (келісімбойынша) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шаруашылық жүргізуқұқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры (келісім бойынша)Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «әл-Фараби атындағыҚазақ ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалықмемлекеттік кәсіпорнының ректоры (келісім бойынша) Қазақстан РеспубликасыныңБілім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «М.О. Әуезов атындағыәдебиет және өнер институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорныныңдиректоры (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Білім және ғылымминистрлігі Ғылым комитетінің «Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнологияинституты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (келісімбойынша) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылымкомитетінің «Мемлекет тарихы институты» мемлекеттік мекемесінің директоры(келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі«әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағыреспубликалық мемлекеттік кәсіпорнының «Абай» ғылыми-зерттеу институтыныңдиректоры (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Мәдениет және спортминистрлігі «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени жәнеәдеби-мемориалдық музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналықкәсіпорнының директоры (келісім бойынша) «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдыққорының атқарушы директоры (келісім бойынша) Әуезов Мұрат Мұхтарұлы –мәдениеттанушы, қоғам қайраткері (келісім бойынша) Есім Ғарифолла Есімұлы –абайтанушы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі,философия ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша) Қасейінов ДүйсенҚорабайұлы – Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) бас директоры (келісім бойынша) Қыдырәлі Дархан Қыдырәліұлы – Халықаралық Түркіакадемиясының президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлікқоғамы  басқармасының төрағасы (келісім бойынша) Сатаев Ахан Қарғамбайұлы– кинорежиссер, сценарист, продюсер (келісім бойынша) Сейсенбаев РолланШәкенұлы – абайтанушы, жазушы, драматург (келісім бойынша) Сүлейменов ОлжасОмарұлы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі«Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі» республикалықмемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры, ақын, қоғам қайраткері (келісімбойынша).

Фото: inform.kz

Тегтер: